Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2021
Жәрмеңке желтоқсанға дейін жалғасады
Қызылордада жылдағы дәстүр бойынша ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкелері басталды. Аудандар арасынан күзгі молшылық керуенін алғаш бастап келген Шиелі ауданы диқандары Астана даңғылы бойында, ал қала маңындағы шаруашылықтар Тағзым алаңында жәрмеңке ұйымдастырды.
• 20 Қыркүйек, 2021
Ашыққан ресейліктерге Аралдан көмек
Биыл РКФСР Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы Владимир Лениннің Еділ бойы мен оған жақын аумақтағы жұттан ашыққан жұртқа көмек көрсету жөнінде Арал балықшыларына хат жолдағанына артық кемі жоқ тура бір ғасыр толады. Аралдықтардың пролетариат көсемінің меселін қайтармай он төрт вагон балық жібергені жайлы кезінде көркем шығарма да, музыкалық туындылар да жазылды.
Коронавирус • 20 Қыркүйек, 2021
Егде адамдарға екпе алмай болмайды
Өткен жұмада Орталық телекоммуникациялар қызметі алаңында Қызылорда облысында індеттің таралуын болдырмау бағытында жасалып жатқан жұмыстар барысы айтылды. Брифингке облыс әкімінің орынбасары Балжан Шәменова, облыстық санитарлық-эпидемиялогиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергенова мен денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жалғасбек Үсенов қатысты.
Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2021
Мемлекет басшысының назарындағы мектеп пайдалануға берілді
Осыдан екі жылға жуық уақыт бұрын «Egemen Qazaqstan» газеті Арал ауданындағы Сексеуіл стансасында жүздеген баланың темір жол рельстерін кесіп өтіп мектепке қатынап жүргеніне ел назарын аударған еді.
Аймақтар • 27 Тамыз, 2021
Үздік білім ұйымы 34 млн теңге иеленді
Қызылордада облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен «Білімді ұлт – тұрақты даму кепілі» тақырыбында білім беру қызметкерлерінің педагогикалық тамыз кеңесі өтті. Аймақ педагогтерінің басқосуына Парламент Сенатының депутаттары Мұрат Бақтиярұлы, Ақмарал Әлназарова, Парламент Мәжілісінің депутаты Балайым Кесебаева, «Talap» КеАҚ вице-президенті Санжар Тәтібеков қатысты. Кеңеске Қызылорда қаласы және аудан әкімдері, аймақтағы білім беру ұйымдарынан 400-ге жуық өкіл ZOOM платформасы арқылы қосылды.
Коронавирус • 19 Тамыз, 2021
Бақылау бір сәтке де бәсеңдемейді
Вирустың таралу деңгейі бойынша Қызылорда облысы әлі «қызыл аймақта» тұр. Шілде айында індет жұқтырғандар саны 3 387-ге жеткен. Ал тамыз айының алғашқы онкүндігінде дертке шалдыққандар қатары 2 мыңнан асып барады. Осы жағдайды ескере отырып, өңірде инфекциялық төсек-орын саны 4 есеге дейін ұлғайтылды.
Спорт • 16 Тамыз, 2021
Олимпиада жүлдегеріне көлік мінгізді
Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Токио Олимпиадасына қатысқан қызылордалық спортшылар Қамшыбек Қоңқабаев, Дәулет Ниязбеков және Мөлдір Жаңбырбаймен кездесті.
Аймақтар • 15 Тамыз, 2021
Корей батырының сүйегі тарихи отанына қайтарылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары қарсаңында Сыр еліне келген корей ресми делегациясын облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова бастаған топ күтіп алды. Шетелдік делегация құрамында Корея Республикасының патриоттар және ардагерлер жөніндегі министрі Хван Ги Чхоль, Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ку Хонг-сок, «Генерал Хон Бом До мемориалы» қорының төрағасы У Вон Шик бар.
Экология • 12 Тамыз, 2021
Кіші Аралдың келешегі қалай болмақ?
2000-жылдары «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының бірінші кезеңі аясында 13 шақырымдық Көкарал бөгеті салынып, кіші теңіздегі су деңгейі көтеріліп, тұздылығы төмендеді. Теңізді қақ бөлген бөгеттің арқасында осы аймақтағы атакәсіп – балық шаруашылығы жандана бастады. БҰҰ-ның 2008 жылғы экологиялық қызмет туралы шолуында бөгет салынғаннан кейін қалыпқа келе бастаған өңір микроклиматы аймақ тұрғындары арасындағы аурушаңдық деңгейін біраз төмендеткені жазылды.
Аймақтар • 12 Тамыз, 2021
Былтырдан бері Қызылорда облысында індет жұқтырған 12 580 адам тіркеліп, оның 77 пайызы айығып шықты. Пневмониямен ауырған 1 867 науқастың 1 580-і емделді.