
Аймақтар • 01 Ақпан, 2022
Бағаны бақылау босаңсымау керек
Қызылордада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен жанар-жағармай бағалары ұдайы бақылауда тұр. Азық-түлік қорының ортайып қалмауына да баса назар аударылған.
Аймақтар • 27 Қаңтар, 2022
Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өңірдегі ардагерлер кеңесінің мүшелерімен кездесіп, пікір алмасты. Коронавирустық шектеулерге байланысты жүздесуге облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, қоғам қайраткері, медицина саласының ардагері Тұрғанбай Маханов, мемлекет және қоғам қайраткері Биғали Қаюпов шақырылды.
Коронавирус • 26 Қаңтар, 2022
Жастар арасында жылдам тарап жатыр
Биыл 24 қаңтардағы мәлімет бойынша облыста коронавирусқа қатысты 124 жағдай анықталды. Оның 43-інен ауру белгілері байқалған, басым бөлігі симптомсыз. Ал инфекциялық стационарда 368 науқас ем қабылдап жатыр. 40 мыңға жуық тұрғын коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасын қабылдады.
Коронавирус • 19 Қаңтар, 2022
Қызылордада облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен онлайн форматта коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі облыстық жедел штаб отырысы өтті.
Қазақстан • 12 Қаңтар, 2022
«Құнды жәдігер» жобасы жалғасады
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі былтыр қолға алған «Құнды жәдігер» жобасы биыл да жалғасын табады. Ел ардақтаған тұлғалардан қалған жәдігерлерді зерттеу мен насихаттауды көздеген бастама аясында тарихи-этнографиялық экспедициялар ұйымдастырылып, музей қоры толықты, танымдық телехабарлар әзірленді.
Аймақтар • 12 Қаңтар, 2022
Күн өткен сайын Қызылорда облысында жағдай тұрақталып, тіршілік қалыпқа түсіп келеді. Ең бастысы, бүліктен үріккен елдің көңілі орнына түсті. Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 7 қаңтардан бері 365 азамат полиция органдарына жеткізіліп, 54-і қамалды. Олардың арасында төтенше жағдай режімін бұзғандар да бар.
Аймақтар • 11 Қаңтар, 2022
Жалған ақпарат таратқан Байқоңыр тұрғыны жауапқа тартылды
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Байқоңыр қаласының 49 жастағы тұрғынының Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында арандатушылық сипаттағы жалған ақпарат таратқаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Желтоқсан, 2021
Ауылға ажар берген әлеуметтік жобалар
Сыр бойында мемлекет-жекеменшік серіктестігі аясында атқарылған бастама көп. Билік пен бизнес байланысының жаңа форматының шарапатын әсіресе шалғай ауылдағылар көріп отыр. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында облыста аталған серіктестік аясында бой көтерген бірқатар әлеуметтік нысандар ашылды.
Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2021
Қазалыда Жалаңтөс баһадүр ескерткіші бой көтерді
Қызылорда облысының Қазалы ауданында даңқты қолбасшы Жалаңтөс батырдың еңселі ескерткіші бой көтерді. Биыл туғанына 445 жыл толып отырған Тұран жолбарысының рухына құрмет көрсетілген шараға облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қатысып, даңқты қолбасшыға арналған ескерткіштің ашылуымен тұрғындарды құттықтады.
Өнер • 26 Желтоқсан, 2021
Қызылордада Сыр сүлейлерінің жолын жалғаған жыр жампозы Көшеней Рүстембекұлының туғанына 75 жыл толуына арналған «Жүрегі жауһар жампозым» атты этно-қойылым концерт өтті. Өлмес өнердің отын жаққан жырау рухына құрмет танытқан кеш Қармақшы ауданы әкімдігі және облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.