Шыңғыс МҰҚАЕВ
Шыңғыс МҰҚАЕВ«Egemen Qazaqstan»
3617 материал табылды

Оқиға • 10 Маусым, 2025

Қызылорда облысында шаруа қожалықтары суды заңсыз пайдаланған

Аталған облыс аумағында алты шаруа қожалығының суды заңсыз пайдаланғаны анықталған. Биыл вегетациялық кезең басталғалы бері өңірде рұқсатсыз алынған судың көлемі 2,3 млн текше метрден асқан. Бұл судың барлығы күріш алқаптарын суаруға жұмсалған, деп жазады Egemen.kz.

Оқиға • 10 Маусым, 2025

Жетісуда құм-қиыршықтас қоспасы заңсыз өндірілген

Жетісу облысының Алакөл ауданында мемлекеттік меншікке тиесілі жер учаскесін бір заңды тұлға өз бетінше пайдаланып, құқық белгілейтін құжаттарсыз құм-қиыршықтас қоспасын өндірумен айналысқан, деп жазады Egemen.kz.

Жұмысшы мамандықтар жылы • 10 Маусым, 2025

Биыл 123 мың студент жұмысшы мамандығын алып шығады

Бүгінде Қазақстан колледждерінде металлургия, машина жасау, көлік, энергетика, IT, құрылыс және инженерия сияқты экономиканың 15 негізгі бағыты бойынша мамандар даярлау жұмысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 10 Маусым, 2025

Тәуекел деңгейі жоғары кәсіпорындар саны азайды - министр

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Үкімет отырысында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және еңбек саласын цифрландыру туралы айтты. Мемлекет басшысы қойған міндеттерді іске асыру үшін сала министрлігі 10 бағыт бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп жатыр. Бүгінде еңбек қауіпсіздігін қорғау мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғам • 10 Маусым, 2025

Елімізде жаңа Су кодексі күшіне енді

Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген аталған құжатта – су ресурстарын басқару жөніндегі шешімдерді қабылдауға жұртшылықтың қатысуы кеңейтілді. Енді су бассейндері бойынша құрылған кеңестер су пайдалануды шектеу, су тасқыны мен қуаңшылықтың алдын алу, жергілікті биліктің қателіктерін түзету туралы ұсыныстар бере алады. Сонымен қатар, құжатта алғаш рет «су қауіпсіздігі» деген ұғым енгізілді. Яғни, ол – халықты және экономиканы су тапшылығы мен су көздерінің ластануынан қорғау, сонымен қатар трансшекаралық су ресурстарын қорғауда еліміздің мүддесін қамтамасыз ету дегенді білдіреді. Су көздерінің тартылып кетуінің алдын алу үшін «экологиялық ағын» деген жаңа ұғым енгізілді. Бұл – өзен, көл, теңіздердің экожүйелерін сақтау үшін қажетті ең төменгі су деңгейі, деп хабарлайды Egemen.kz сала министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Форум • 09 Маусым, 2025

Президент «Қазақстан – Болгария» бизнес-форумына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан – Болгария» бизнес-форумына белсене қатысқаны үшін Румен Радевке және болгар кәсіпкерлеріне алғыс айтты. Мемлекет басшысы аталған іс-шара екі елдің экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығына тың серпін беретініне сенім білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тағайындау • 09 Маусым, 2025

Нұрлан Алдамжаров жаңа қызметке тағайындалды

Нұрлан Алдамжаров Су ресурстары және ирригация ведомствосының бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.

Спорт • 09 Маусым, 2025

Өткен аптадағы спорттық жетістіктер

Қазақстан спортшылары өткен аптада спорттық гимнастика, жеңіл атлетика және теннис ойындары бойынша жарқын жеңістерге қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz.

Денсаулық • 09 Маусым, 2025

Мейіргер ұшақ бортында адам өмірін сақтап қалды

Орал – Шарм-эль-Шейх рейсінде ұшақ жолаушыларының бірі кенеттен қан қысымы күрт төмендеп, есінен танып, құса бастаған мезетте жәрдемге мейіргер Динара Сариева келген, деп жазады Egemen.kz. 

Қазақстан • 09 Маусым, 2025

Үш елдің фитосанитариялық қызметтері күш біріктіреді

Еуропалық және Жерорта теңізі өсімдіктерді қорғау және карантин ұйымының (ЕРРО) жұмыс тобының 55-отырысы аясында Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Сакен Қаныбеков Өзбекстан мен Қырғызстанның фитосанитариялық қызметтері басшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz сала министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.