Шыңғыс МҰҚАЕВ
Шыңғыс МҰҚАЕВ«Egemen Qazaqstan»
3518 материал табылды

Қазақстан • 19 Сәуір, 2024

Елімізде су саласы мамандарын даярлау желісі кеңейтіледі

4 макроөңірде экономика салалары бойынша, оның ішінде су саласының болашақ мамандарын даярлайтын тірек колледждер құрылады. 2024-2025 жылдары «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстарын пайдалану», «Гидротехникалық мелиорация», «Гидротехникалық құрылыс» және тағы басқа мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім беруде мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға • 19 Сәуір, 2024

Өскеменде 94 млн теңге ұрлаған екі күдікті ұсталды

Өскеменде белгісіз біреулер кеңседегі сейфті бұзып, 94 млн теңге ұрлап кеткен. Бұл туралы жәбірленушілер 5 сәуір күні қалалық полиция қызметкерлеріне хабарлаған, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан • 19 Сәуір, 2024

Сенаторлар Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы жұмысына қатысты

Сенат депутаттары Ольга Перепечина мен Жанна Асанова Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының көктемгі сессиясына қатысып, ЕКПА Төрағасы Теодорос Русопулоспен кездесті. Жиын қатысушылары Қазақстанның Еуропа Кеңесімен және Парламенттік Ассамблеямен әріптестік қатынастарын дамытуды, сондай-ақ адам құқықтарын қорғау, демократия, заң үстемдігі мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақтар • 19 Сәуір, 2024

Тасқынның екінші кезеңі: ШҚО-да дайындық қыза түсті

Орта таулы аумақта және таулардың оңтүстік беткейлерінде қар жамылғысының еруіне байланысты Шығыс Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқыны басталды. Солтүстік, солтүстік-шығыс және шығыс аудандары, атап айтқанда Риддер қаласы, Алтай, Самар, Марқакөл, Глубоковский, Катонқарағай, Күршім, Шемонаиха аудандары ерекше бақылауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спорт • 19 Сәуір, 2024

Париж Олимпиадасының тағы бір жолдамасы қоржында

Жапония астанасы Токиода өтіп жатқан каноэ мен байдаркада есуден Азия чемпионатында Қазақстан спортшылары жұптық сында Париж Олимпиадасының тағы бір жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қылмыс • 19 Сәуір, 2024

«Миллиондарды жеке қажеттіліктеріне жұмсаған»: Қостанай облысында бухгалтер ұсталды

Қамысты аудандық сотында қызмет бабын пайдаланып, біреудің сеніп тапсырылған мүлкін ірі мөлшерде ұрлағаны үшін кінәлі деп танылған бухгалтерге қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотта өзінің қызмет бабын пайдаланған бухгалтер-кассирдің кәсіпорын кассасынан 8 600 000 теңгеден астам қолма-қол қаражат алғаны анықталды. Ол бұл ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Бухгалтер өз кінәсін толық мойындады. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 18 Сәуір, 2024

Тасқыннан зардап шеккендердің шығынын өтеу қағидаларын қайта қарау ұсынылды

Тасқын судан зардап шеккендерден біржолғы көмек бойынша құжаттар қарқынды түрде қабылданып жатыр. Алайда баспанасынан айырылған тұрғындар мемлекет тарапынан қажетті материалдық қолдау болмай қалуы мүмкін деп алаңдап отыр. Бұл мәселені сенатор Әсем Рахметова көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенат • 18 Сәуір, 2024

Ғылымға қойылатын талапты төмендетпеу керек - Мәулен Әшімбаев

Бүгін Сенатта ғылым және білім беруді жетілдіруге арналған заң қаралғаны мәлім. Отырыс барысында Scopus базасына енетін халықаралық ғылыми журналдарға мақала жариялау туралы талап докторлық диссертация қорғауға кедергі келтіретіні жөнінде отандық ғалымдардың пікірі назарға алынды. Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки сол тұрғыда жұмыстар қолға алынғанын атап өтті. Осыған байланысты Палата Төрағасы отандық ғалымдар үшін шетелдік басылымдарға материал жариялау оңай емес екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ ол жалпы ғылымға қойылатын талапты төмендетпеу керек екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға • 18 Сәуір, 2024

Ақтөбеде спорт мектебінің екі тәрбиеленушісі қамауға алынды

11 сәуірде Есет батыр атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде сегізінші сынып оқушысы есінен танып қалған, кейінірек ол жедел жәрдем көлігінде қайтыс болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 18 Сәуір, 2024

Апатты өңірлердің оқушылары ҰБТ-ға дайындала алмай отыр - сенатор

Тасқын су салдарынан бірқатар өңірдің мектептері оқушыларды қашықтан оқытуға көшкені мәлім. Сенатор Ғалиасқар Сарыбаев өзінің депутаттық сауалында тасқын судан зардап шеккен өңір түлектерінің ҰБТ-ға дайындық мәселесін көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.