Қоғам • 08 Қаңтар, 2026
Атырау облысында ер адамның құлағын кесіп алған
Оқиға аталған облыстың Қызылқоға ауданына қарасты Миялы ауылында болған. Полицияның мәліметінше, 2 қаңтарда 24-25 жастағы 2 ер адамның арасында жанжал шыққан. Олардың бірі ауыр жарақат алған, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 08 Қаңтар, 2026
Қайтарылған активтер: СҚО-дағы аурухананы жөндеуге 1,3 млрд теңге бөлінді
Президенттің әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде Үкімет медициналық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Соның ішінде елге қайтарылған активтер есебінен жүзеге асып жатқан жобалар да бар. Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша көпсалалы ауданаралық ауруханасын күрделі жөндеуді аяқтауға Арнаулы мемлекеттік қордан 1,3 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өшпес даңқ • 08 Қаңтар, 2026
Әскерилер майдангерді қос мерекемен құттықтады
Екінші дүниежүзілік соғысының ардагері Павел Васильевич Даценко 7 қаңтарда 101 жасқа толды. Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшілері майдангердің үйіне арнайы барып, туған күні және Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 06 Қаңтар, 2026
«Келешек мектептері» барлық мектептің дамуына негіз болады
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Келешек мектептерін басқару моделі ретінде айқындалды. Аталған жұмыс шеңберінде қаңтар айының 5-8 күндері аралығында еліміздің әр өңіріндегі Назарбаев Зияткерлік мектептері мен Білім-инновация лицейлері базасында ұстаздарға арналған біліктілікті арттыру курстары мен мастер кластар ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 06 Қаңтар, 2026
17 жастағы қазақ теннисшісі әлемдік рейтингте жоғарылады
2026 жылғы алғашқы юниорлық «Үлкен дулыға» турнирі − Australian Open басталар алдында Қазақстан теннисшісі Заңғар Нұрланұлы ITF юниорлар рейтингінде 12-орынға көтерілді. Бұл туралы ITF баспасөз қызметі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Қаңтар, 2026
Ел тұрғындары 2026 жылы неше күн демалады?
2026 жылы ұзақ демалыстар көп болады. Себебі мемлекеттік мерекелердің көбі аптаның бастапқы тұсына немесе соңына сәйкес келіп отыр. Ал ең көп демалыс күндері мамыр айында, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 06 Қаңтар, 2026
Зейнетақы қорынан тіс емдеуге 200 млрд теңге заңсыз шығарылған
Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) азаматтардың зейнетақы жинақтарын заңсыз шығару дерегі бойынша тергеу жалғасып жатқанын мәлімдеді. Тергеу стоматологиялық клиникалардың басшылары мен өзге де тұлғаларға қатысты жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 06 Қаңтар, 2026
Ұрланған жылқылар GPS арқылы тез табылды
Жамбыл облысына қарасты Жуалы ауданы полиция бөліміне жайылымнан жылқылар жоғалғаны туралы хабарлама түскен. Полицейлер ұрланған 11 бас жылқыны GPS арқылы ізін суытпай тапқан, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 06 Қаңтар, 2026
«Адал полицей»: Ақмолада қызметтік көліктердегі QR-кодтар жаңартылды
Жыл басталғалы халықтың полиция қызметіне деген сенімін арттыруға және олардың жұмысының ашықтығын, жауапкершілігін, айқындығын қалыптастыруға бағытталған «Адал полицей» кең ауқымды акциясы басталған. Акция аясында Ақмола облысында патрульдік полицияның қызметтік автокөліктерінде, сондай-ақ әкімшілік ғимараттарда орналастырылған QR-кодтар жаңартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 06 Қаңтар, 2026
Инклюзивті білім беру ұйымдарында 10 мыңнан аса педагог қызмет етеді
Инклюзивті білім беру бойынша Қазақстанда алғаш рет өткен әлемдік конгресс – саладағы жаһандық диалогтың жаңа кезеңін бастауға және педагогтердің кәсіби құзыреттерін арттыруға серпін берді. Елімізде инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған білім беру ұйымдарының үлесі 93,3%-ды құрайды. Ал арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтылған балалар саны 87%-ға жеткен, деп жазады Egemen.kz.