Фото: Оқу-ағарту министрлігі (архив)
Министрдің мәліметінше, биыл аттестацияға қатысқан педагогтердің барлығы өз рәсімдерін толық аяқтайды. Яғни, «ПББ» тестін тапсырып, портфолиосын жүктеген мұғалімдердің аттестациясы толық аяқталады.
Ал тест тапсырып үлгергенімен, портфолиосын жүктемеген педагогтерге қосымша мүмкіндік беріледі. Оларға құжаттарын толық жүктеп, аттестацияны аяқтау үшін арнайы мерзім берілетіні хабарланады.
Білім саласындағы өзгеріс: Мұғалімдер үшін авторлық бағдарлама жазу талабы жойылады
Сонымен қатар, биыл «ПББ» тестінен өтіп, шекті балл жинай алмаған мұғалімдерге қатысты да нақты шешім қабылданды. Олар үшін қайта тіркеуден өту талап етілмейді, ал сәуір айында жоспарланған тест тапсыру мүмкіндігі жойылған. Бұл санаттағы педагогтерге төленген қаражат толық қайтарылады.
Педагогтерге арналған байқау жарияланды: Өтінім қабылдау қашан басталады?
Министрдің айтуынша, аталған мұғалімдер өздерінің қазіргі біліктілік санатын сақтап қалады.
«Сіздер жаңа аттестация кезеңіне, яғни 2027 жылғы қаңтарға дейін өз категорияларыңызды сақтайсыздар. Қаңтар айында жаңа ережелер енгіземіз. Сол жаңа қағидаттармен бірге жаңа аттестация процесін бастаймыз», деді Жұлдыз Сүлейменова.
Осылайша, білім беру жүйесінде аттестация ережелері жаңартылғанымен, педагогтердің құқықтары мен бұрын берілген санаттары өтпелі кезеңде сақталады.
Президент әлемдегі ең үздік педагогтердің қатарына енген алматылық мұғалімді құттықтады