Сенат депутаты Бекбол Орынбасаров жаңа жүйеге көшу өңірлердің нақты қажеттілігі мен бөлінетін қаражат арасындағы айтарлықтай алшақтықты көрсететінін айтады.
«Нақты қажеттілік 184 млрд теңгені құраса, биыл небәрі 26,6 млрд теңгені құрап отыр. Бұл терең алшақтық құрылыс жүргізілетін жаңа алаңдарды дайындауды айтарлықтай тежейді және тұрғын үй мен инфрақұрылымдық нысандарды іске қосудың жоспарлы көрсеткіштерінің бұзылу қаупі қалыптасады», деп атап өтті Бекбол Орынбасаров.
Депутаттың пікірінше, қазіргі жағдайда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды қаржыландыру тәсілдерін қайта қарау талап етіледі, өйткені құрылыс алаңдарын уақтылы дайындау тұрғын үй құрылысының қарқынына және жобаларды іске асыру құнына тікелей әсер етеді.
Биыл 650 көппәтерлі тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізіледі
«Құрылыс секторын қаржыландыру тәсілдерін өзгертпей және инфрақұрылымдық тапшылықты жоймай, ұзақ мерзімді перспективада азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің стратегиялық міндеттерін орындау мүмкін болмайды», деп атап өтті депутат.
Сенатордың пікірінше, азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету, сондай-ақ жалға берілетін тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайту үшін қосымша қаржы тетіктерін іздеу мәселесі ерекше назар аударуды талап етеді.
Астанада заңсыз салынып жатқан көпқабатты тұрғын үй құрылысы тоқтатылды