
Медицина • 15 Шілде, 2025
Елімізде ана мен бала өлімі азайған
Биылғы бес айдың қорытындысы бойынша өлімнің бірқатар көрсеткіштерінің төмендеуі және балалар мен аналарға медициналық көмек көрсету тиімділігінің өсуі байқалған. Осылайша, ұлттық статистика бюросының (ҰСБ) деректеріне сәйкес, сәбилер өлімінің көрсеткіші 26,3%-ға, алты айда ана өлімі 9,7%-ға төмендеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Күрес • 15 Шілде, 2025
Қазақ балуандары Азия бәсекесінде 12 медаль алды
Қырғызстанның бас шаһары Бішкекте күрес түрлерінен 20-ға дейінгілер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Қазақ балуандары 12 жүлде иеленді, деп жазады Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 15 Шілде, 2025
Үкімет Президент тапсырмаларына қатысты жария есеп берді
Президенттің тапсырмаларын орындау аясында Үкімет елдің транзиттік әлеуетін нығайту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр. Бұл – Қазақстанның Шығыс пен Батыс, сондай-ақ Орталық Азия мен Оңтүстік Азия арасындағы негізгі логистикалық хаб ретіндегі мәртебесін бекемдеуге бағытталған стратегиялық маңызды қадам, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 15 Шілде, 2025
Үкімет басшылығы журналистердің сұрақтарына жауап берді
Үкімет отырысынан соң Премьер-министр Олжас Бектенов бастаған вице-премьерлер тобы арнайы брифингте журналистердің сұрақтарына жауап берді. Сондай сұрақтардың бірі – «Банктердің экономикаға қаржы салуы бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатыр?» деген сұрақты БАҚ өкілі Серік Жұманғаринге қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 15 Шілде, 2025
Көлік секторы рекордтық өсім көрсетіп отыр
Биылғы жылдың алғашқы алты айының қорытындысы бойынша еліміздің көлік саласы 22,7%-ға өсті. Мұндай мәліметтерді Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев келтірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 15 Шілде, 2025
Қайтарылған активтер есебінен 400-ден астам әлеуметтік жоба қаржыландырылды
Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Тәкиев елге заңсыз шығарылған активтерді қайтару және осы қаражат есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жөніндегі жұмыс туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Шілде, 2025
Өткен апта бойынша спортшылардың жеңістері
Спортшылардың өткен апта ішіндегі жетістіктері туралы шолу мағлұмат сала министрлігінен хабарланды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 15 Шілде, 2025
Су мамандықтарына түсетін студенттер үшін грант саны көбейді
Мемлекет басшысы су шаруашылығы саласын жаңа, білікті кадрлармен қамтамасыз ету жөнінде нақты міндет қойғаны мәлім. Гранттар санының артуы – осы бағыттағы маңызды қадам. Бір жыл бұрын жоғары оқу орындарында су шаруашылығы мамандықтарына 618 грант бөлінсе, 2025-2026 оқу жылына гидрогеология және гидрология сияқты пәнаралық мамандықтарды есептемегенде барлығы 1052 грант бөлініп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 14 Шілде, 2025
Төлемдер болмаған жағдайда МӘМС мәртебесі сақтала ма
Халықты МӘМС жүйесімен барынша қамту және сақтандырылушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қабылданған заң жобасы жеңілдікті кезеңді ұзарту жөніндегі жаңа норманы көздейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 14 Шілде, 2025
Астанада 1000-ға жуық әуесқой спортшы жүгіру іс-шарасына қатысты
«Астана – есірткісіз қала» акциясы аясында Сарыарқа ауданында кезекті жеңіл атлетикалық жүгіру іс-шарасы өтті. Осы жолғы басты ерекшелігі – қатысушылар жаңа маршрут бойынша бақтарын сынады, деп жазады Egemen.kz.