Шыңғыс МҰҚАЕВ
Шыңғыс МҰҚАЕВ«Egemen Qazaqstan»
4073 материал табылды

Экология • 17 Шілде, 2025

Балқаш көлінің деңгейі 32 см-ге көтерілді

Биылғы жылдың бірінші жартысында Балқаш көлінің деңгейі орта есеппен 32 см-ге көтерілді. Нақтырақ айтқанда, Балтық жүйесі бойынша 341,55 метрден 341,87 метрге дейін. Жыл басталғаннан бүгінге дейін Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасынан Балқаш көліне 8,52 млрд текше метр су жіберілген. Былтыр осы кезеңде бұл көрсеткіш 8 млрд текше метр болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорда • 16 Шілде, 2025

BaiQymyz фестивалінде 16 тоннаға жуық қымыз ұсынылады

Астанада «Қазанат» ипподромында осы айдың 19-20 күндері халқымыздың  киелі сусыны – қымызға арналған бұрын-соңды болмаған көлемдегі «BaiQymyz – бапталған қымыз және ұлттық тағамдар» гастрофестивалі өтетіні мәлім, оған еліміздің барлық өңірінен 50-ден астам қымыз өндіруші қатысып, жалпы көлемі 16 тоннаға жуық қымыз ұсынылады деп күтіліп отыр. Гастрофистивалге қатысу тегін болады, деп жазады Egemen.kz. 

Логистика • 16 Шілде, 2025

«Тобыл» логистикалық хабының құрылысы басталды

Қостанайда Қазақстанның солтүстігіндегі ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – «Тобыл» жаңа көлік-логистикалық кешенінің құрылысы ресми түрде басталды. Нысан қала аумағында орналасады және Президент белгілеген транзиттік стратегияны жүзеге асырудың негізгі нүктесіне айналмақ, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент • 16 Шілде, 2025

Президент әскери сала бойынша ҚР Заңына қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери-патриоттық тәрбие, әскери қызмет және жекелеген орталық мемлекеттік органдардың функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ЖОЛДАУ • 16 Шілде, 2025

200 мыңнан астам бала Келешек мектептерінде оқып жатыр

Мемлекет басшысының бастамасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр. Бұл жоба – ел болашағына жасалған инвестиция, яғни әрбір бала заманауи, жайлы әрі шабыттандыратын ортада білім алуға мүмкіндік алады. Жоба аясында 460 мың оқушы орнына арналған 217 заманауи мектептің құрылысы жоспарланған. Бүгінде 122 мектеп құрылысының аяқталуы нәтижесінде 200 мыңнан астам оқушы қамтылып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Президент • 16 Шілде, 2025

Президент олимпиадада жеңіске жеткен оқушыларды құттықтады

Мемлекет басшысы Барселона қаласында өткен халықаралық STEM олимпиадасында, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктерінде ұйымдастырылған химия пәнінен халықаралық олимпиадада жеңіске жеткен қазақстандық оқушыларға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заң • 16 Шілде, 2025

Қылмыстық заңнама оңтайландырылды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ҚР-ның қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР-ның Заңына қол қойғаны мәлім, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент • 16 Шілде, 2025

Қылмыстық заңнаманы оңтайландыру-жетілдіру жөніндегі ҚР заңына қол қойылды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР-ның Заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тағайындау • 16 Шілде, 2025

БҚО әкімінің орынбасары тағайындалды

ҚР Президентінің Әкімшілігімен келісімі бойынша, облыс әкімінің өкімімен Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымына Мирас Мүлкәй тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.   

Президент • 16 Шілде, 2025

Президент шахматшы Меруерт Камалиденованы жетістігімен құттықтады

Президент Грузияның Батуми қаласында өтіп жатқан FIDE World Cup 2025 Әлем кубогінің іріктеу сайысында белгілі шахмат шеберлерін қапы қалдырған Меруерт Камалиденоваға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.