
Оқиға • 23 Шілде, 2025
Бүгінгі жер сілкінісі екі облыс аумағында сезілді
ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 23 шілде, яғни бүгін Астана уақытымен сағат 15:37-де жер сілкінісі тіркелді. Зардап шеккендер және қираулар туралы мәліметтер түспеген, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 23 Шілде, 2025
Елімізде 677 МСАК нысаны жұмыс істейді
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) орталығының директоры Айгүл Қасымова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Шілде, 2025
Суды ортақ пайдаланудың ережелері бекітілді
Жаңа Су кодексіне сәйкес, азаматтардың су нысандарына кіруін шектеуге жеке және заңды тұлғалардың құқығы жоқ. Егер заңда көрсетілмесе, қоршаулар, күзет немесе өзге де шектеулер қоюға тыйым салынады. Аталған норманың сақталуы үшін сала министрлігі азаматтардың елдің су нысандарына қолжетімділігін реттейтін суды ортақ пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекітті, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 23 Шілде, 2025
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Аталған лауазымды қызметке Руслан Айтыкенұлы Кенжебеков тағайындалды, ол агроөнеркәсіптік кешен, ветеринария және табиғи ресурстарды пайдалану салаларына жетекшілік ететін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 23 Шілде, 2025
Елімізде алғаш рет спортшыларды даярлаудың ғылыми моделі енгізілді
Бұған дейін оқыту тек мектептердегі дене шынықтыру пәніне бағытталған «Дене шынықтыру» мамандығы шеңберінде жүргізілсе, енді жаттықтырушы, әдістеме, оңалту, инклюзивті және цифрлық спорт бағыттарын қамтитын арнайы бағдарламалар іске қосылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 23 Шілде, 2025
Универсиада-2025 додасында қоржынға алғашқы алтын түсті
Германияда өтіп жатқан ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медальға қол жеткізді. Бүгінде ел қоржынында 1 алтын және 5 қола медаль бар, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 22 Шілде, 2025
Ақтау қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
Аталған лауазымды қызметке Бекзат Жүсіп тағайындалды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Шілде, 2025
Жоғары білікті IT-мамандарын тарту үшін бағдарламалар іске қосылған
Бүгін Үкімет отырысы барысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев жоғары білікті IT-мамандары үшін Қазақстанның тартымдылығын арттыру және олардың еліміздің экожүйесіне интеграциялануы үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында Digital Nomad Residence және Digital Nomad Visa бағдарламалары іске қосылғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 22 Шілде, 2025
«Апорт» алмасын жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр
«Апорт» алмасының сортын қалпына келтіруге бағытталған жүйелі жұмыс Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2024 жылы басталғаны мәлім. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың тапсырмасымен 2025-2028 жылдарға арналған аталған алма сортын қайта жаңғырту жөніндегі Жол картасының жүзеге асырылуына мониторинг жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Шілде, 2025
ШҚО аумағындағы 5 815,7 гектар егістік алқапқа су берілді
Өңір диқандары суару маусымы басталғалы 24 млн текше метрден астам су алған. Биыл «Қазсушар» РМК-ның Шығыс Қазақстан облысындағы филиалы шаруалармен суармалы суды жеткізу бойынша 490-нан астам келісімшарт жасасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.