Фото: ІІМ
Іздеу шараларына полиция қызметкерлері, кинологиялық қызмет, ТЖД бөлімшелері мен еріктілер жұмылдырылған. Аулалар мен жақын аумақтар, Қаратал өзенінің бойы және бос жатқан жерлер тексерілді. Іздеу аумағын кеңейту мақсатында тепловизоры бар дрон қолданылды. Іздестіру жұмыстары түнгі уақытта да жалғасты.
26 мамыр күні таңғы сағат 05:00 шамасында Қаратал өзенінде жүргізілген ауқымды іздестіру жұмыстары барысында баланың денесі табылды.
«Алдын ала мәлімет бойынша, зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр», делінген хабарламада.