Экология • Бүгін, 20:29

Қазақстанда шегірткеге қарсы 480 мың гектарға жуық жер өңделді

1 мин
оқу үшін

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы алқаптарын шегіртке зиянкестерінен қорғау бағытындағы жоспарлы жұмыстарды жалғастыруда. Бүгінгі таңда үйірлі шегіртке түрлеріне қарсы химиялық өңдеу 480 мың гектар аумақта жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанда шегірткеге қарсы 480 мың гектарға жуық жер өңделді

Қорғаныс шаралары 12 өңірде арнайы жерүсті техникасын, ұшқышсыз ұшу аппараттарын және авиацияны пайдалану арқылы жүзеге асырылуда.
Өңдеу жұмыстары көлеміне қарай Түркістан облысында (291,2 мың га), Жамбыл облысында (116 мың га), Ақтөбе облысында (35,6 мың га) және Жетісу облысында (17,3 мың га) орындалды.

Қалған өңірлерде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы аумақтық инспекция мамандары «Фитосанитариялық диагностика және болжамдардың республикалық әдістемелік орталығы» мекесімен бірлесіп, зиянкестердің таралу ошақтарын уақтылы анықтау мақсатында ауыл шаруашылығы алқаптарына мониторинг пен тексеру жұмыстарын жалғастыруда.

Соңғы жаңалықтар