Фото: silkroadnews.org
Қытай Азия-Тынық мұхиты аймағындағы елдерді бірлесіп қарсы тұруға және аса сақ болуға шақырды. Бұған Жапон либералды-демократиялық партиясының қорғаныс шығындарын ұлғайтуға бағытталған үкіметтік жобасы түрткі болған. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Го Цзякунь мәлімдеді. Оның айтуынша өткен жылы Жапонияның қорғаныс саласына жұмсаған шығыны 9,7 пайызға өсіп, рекордтық деңгейге жеткен.
- Жапонияның қару-жарақ импорты соңғы 5 жылда 76 пайызға артты. Қорғаныс бюджеті 14 жыл қатарынан өсіп келеді. Соған қарамастан әлі де әскери шығындарын көбейтуге мүдделі. Бұл бейбітшілік үшін жасалған әрекет еместігін тағы бір айқындайды. Жапонияның неомилитаризмге бет бұрғанын көрсетеді, дейді Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Го Цзякунь.