
Қоғам • 12 Желтоқсан, 2023
Республикалық маңызы бар 55 жол учаскесінде қозғалыс уақытша тоқтатылды
Бүгін 10:00 сағаттағы ахуалға сәйкес ауа райының нашарлауына (ауа температурасының төмендеуі, боран, көрінудің шектеуі) байланысты 12 облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың 55 учаскесінде қозғалысқа шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz QazAvtoJol баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 12 Желтоқсан, 2023
12 облыста бірнеше жол учаскесі жабылды
11 желтоқсан сағат 18:30-дағы ахуалға сәйкес ауа температурасының төмендеуі, боран, жолдың көрінбей қалуына байланысты 12 облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың 61 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz QazAvtoJol баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 11 Желтоқсан, 2023
Белгілі спортшылар туралы кітап жарық көрді
Елдос Сметов, Бекзат Саттарханов, Ольга Рыпакова секілді 17 спортшының балалық шағы мен спорттағы жолын баяндайтын «Чемпиондыққа жетелеген жол» атты кітаптың таныстыру іс-шарасы өтті. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 11 Желтоқсан, 2023
Аустралияның мал шаруашылығын жүргізудегі озық әдістері зерттелді
Аустралияның мал шаруашылығын жүргізудегі озық әдістерін зерттеу үшін аграрлық бизнес, Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері, Түркістан, Қостанай, Алматы, Жетісу әкімдіктері басшылығынан құралған делегацияны Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин басқарды. Аустралия – жаһанда қой еті экспортынан – бірінші орында, ал сиыр еті экспорты бойынша – екінші орында. Оның 100-ге жуық өнім жеткізу нарығы бар. Бұл ретте ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау көрсетілмейді. Қазақстан мамандары аустралиялық фермерлер мал шаруашылығы саласында осындай экономикалық табысқа қалай қол жеткізгенін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 11 Желтоқсан, 2023
Хоккейден әлем чемпионаты: Жастар құрамасы алғашқы жеңіске жетті
Хоккейден І дивизиондағы Әлем Чемпионатында Қазақстан жастар құрамасы алғашқы жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Qazsporttv-ге сілтеме жасап.
Алматы • 09 Желтоқсан, 2023
Шетелдік автокөліктерді заңдастыру жүргізіліп жатыр
Алматы әкімшілік полициясы науқан аясында 25 мың 500-ден астам шетелдік автокөлікті заңдастырғанын almaty_police_department инстаграм арнасы мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 09 Желтоқсан, 2023
Паралимпиадалық боччадан жарыс жеңімпаздары марапатталды
Парламент Сенатының Төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының Президенті Мәулен Әшімбаев боччадан ел Кубогі сарапқа салынған жарыстың жабылу рәсіміне қатысып, жеңімпаздарды марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 09 Желтоқсан, 2023
Қазақстан Палестинаға гуманитарлық көмек жіберді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Палестина халқын қолдауға гуманитарлық көмек жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Желтоқсан, 2023
Ақтөбеде кәмелетке толмаған үш қыз жоғалып кетті
«Аяла» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығынан үш тәрбиеленуші сырт киімсіз кетіп қалған. Тәрбиешінің көмекшісі 8 желтоқсанда сағат 23:00 мұғдарында полицияны құлағдар еткен. Полиция тобы және еріктілер оларды әлі іздеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 09 Желтоқсан, 2023
А.Шымбергенов, С.Тәшкенбай және тағы басқа боксшылар айқастарының тікелей көрсетілімі
Бокс кешінде Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері өнер көрсетеді. Атап айтқанда, Данияр Елеусінов, Бекзат Нұрдәулетов, Дулат Бекбауов, Ерасыл Жақпеков, Асланбек Шымбергенов, Серік Теміржанов, Махмұд Сабырхан, Санжар Тәшкенбай жұдырықтасады. Желтоқсанның 15-і күні елорда төрінде алғаш рет өтетін «Чемпиондар түні IBА» – «Astana Arlans» турнирінде 8 қызықты жекпе-жектің әрқайсысы 6 раундтан тұратын болады, деп жазады Egemen.kz Бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.