Тағайындау • 23 Қазан, 2024

Атырау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Президент Әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімінің өкімімен Дарын Дүйсембайұлы Шамұратов Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Фото: ATYRAU.TODAU

Дарын Шамұратов М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «география» мамандығы бойынша, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті «қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

02.2009-05.2009 жылдар аралығында – Бөдене ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманның міндетін уақытша атқарушы.

05.2009-12.2009 аралығында – Бөдене ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.

12.2009-09.2012 жылдар аралығында – Индер ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы.

09.2012-25.10.2012 аралығында – Индер ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің меңгерушісі.

10.2012-08.2017 жылдар аралығында – Индер ауданы әкімі аппаратының басшысы.

08.2017-04.2021 жылдар аралығында – Индер ауданы әкімінің аппараты, аудан әкімінің орынбасары.

04.2021-14.2022 жылдары Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

Тағайындалғанға дейін Индер ауданының әкімі лауазымын атқарды.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35