Спорт • 12 Желтоқсан, 2023
IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы: Қазақстан құрамасында 17 жолдама бар
Қаңтардың 19-ы – ақпанның 1-і күндері аралығында Оңтүстік Кореяның Канвондо провинциясындағы Каннын қаласында IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына Қазақстан спортшылары қатысады. Байрақты бәсеке алдында Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев спортшылардың дайындығы бойынша кеңейтілген отырыс өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 12 Желтоқсан, 2023
Республикалық маңызы бар 55 жол учаскесінде қозғалыс уақытша тоқтатылды
Бүгін 10:00 сағаттағы ахуалға сәйкес ауа райының нашарлауына (ауа температурасының төмендеуі, боран, көрінудің шектеуі) байланысты 12 облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың 55 учаскесінде қозғалысқа шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz QazAvtoJol баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 12 Желтоқсан, 2023
Қарағанды металлургиялық комбинатының жаңа иесіне қатаң талап қойылады
Мемлекет басшысы Қарағанды металлургиялық комбинатын отандық компанияның меншігіне беру мәселесі сәтті шешілгенін, жұмыстың бастапқы кезеңінде компанияға көмектесу – Үкіметтің ендігі міндеті екенін, содан кейін кәсіпорынның жаңа иесіне қатаң талап қойылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 12 Желтоқсан, 2023
12 облыста бірнеше жол учаскесі жабылды
11 желтоқсан сағат 18:30-дағы ахуалға сәйкес ауа температурасының төмендеуі, боран, жолдың көрінбей қалуына байланысты 12 облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың 61 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz QazAvtoJol баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 11 Желтоқсан, 2023
Белгілі спортшылар туралы кітап жарық көрді
Елдос Сметов, Бекзат Саттарханов, Ольга Рыпакова секілді 17 спортшының балалық шағы мен спорттағы жолын баяндайтын «Чемпиондыққа жетелеген жол» атты кітаптың таныстыру іс-шарасы өтті. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 11 Желтоқсан, 2023
Аустралияның мал шаруашылығын жүргізудегі озық әдістері зерттелді
Аустралияның мал шаруашылығын жүргізудегі озық әдістерін зерттеу үшін аграрлық бизнес, Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері, Түркістан, Қостанай, Алматы, Жетісу әкімдіктері басшылығынан құралған делегацияны Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин басқарды. Аустралия – жаһанда қой еті экспортынан – бірінші орында, ал сиыр еті экспорты бойынша – екінші орында. Оның 100-ге жуық өнім жеткізу нарығы бар. Бұл ретте ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау көрсетілмейді. Қазақстан мамандары аустралиялық фермерлер мал шаруашылығы саласында осындай экономикалық табысқа қалай қол жеткізгенін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 11 Желтоқсан, 2023
Хоккейден әлем чемпионаты: Жастар құрамасы алғашқы жеңіске жетті
Хоккейден І дивизиондағы Әлем Чемпионатында Қазақстан жастар құрамасы алғашқы жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Qazsporttv-ге сілтеме жасап.
Таным • 09 Желтоқсан, 2023
Асан қайғы: Әділдіктің белгісі – біле тұра бұрмаса
Афоризм – шағын философиялық ой, тәжірибелік түйін, логикалық қисын. Авторлық тұжырым ретіндегі қысқа әдеби туынды. Көркем кестеленген нақыл сөз. Афоризмнің басты шарттары – өмірлік құбылыстар мен адамдардың іс-қимылына, мінезіне деген көзқарастағы анықтық, пікір жинақтап қорыту мен түйін жасаудағы логикалық жүйелілік және ойды жеткізудегі дәлдік пен қысқалық. Афоризм – ой тамызығы. «Афоризмдер» айдарында бүгін Асан қайғы, Бәйдібек Қарашаұлы, Қазтуған Сүйінішұлы, Шалкиіз Тіленшіұлы ойларын ұсынып отырмыз.
Алматы • 09 Желтоқсан, 2023
Шетелдік автокөліктерді заңдастыру жүргізіліп жатыр
Алматы әкімшілік полициясы науқан аясында 25 мың 500-ден астам шетелдік автокөлікті заңдастырғанын almaty_police_department инстаграм арнасы мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 09 Желтоқсан, 2023
Паралимпиадалық боччадан жарыс жеңімпаздары марапатталды
Парламент Сенатының Төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының Президенті Мәулен Әшімбаев боччадан ел Кубогі сарапқа салынған жарыстың жабылу рәсіміне қатысып, жеңімпаздарды марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.