Қоғам • 04 Сәуір, 2024

Су саласының мамандары тапшы - Мақсат Толықбай

89 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мақсат Толықбай «Qazaqstan» Ұлттық арнасындағы «1001 түн» бағдарламасында өңірлердің су тасқынына дайындығы көңіл көншітпейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz аталған партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Су саласының мамандары тапшы - Мақсат Толықбай

Фото. Видеоскрин

Тасқынға дайындық шаралары өңірлерде тиісті деңгейде қамтамасыз етілмегендіктен су шайған ауылдардың тұрғындары баспанасыз қалды.

«Өкініштісі кейбір аудандарда резервте не қайық, не резеңке етік жоқ. Министрліктің нормативі орындалмаған. Сонымен қатар еліміздегі өзекті мәселенің бірі – су саласы мамандарының тапшылығы. Олар өңірлерде жоқтың қасы десек те болады. Біз ғалымдарға көңіл бөлмейінше, бұл мәселе шешімін таппайды. Әр салада өз ісінің маманы болуы керек», деді депутат.