Әлем • Бүгін, 11:53

АҚШ-та Трамптың бейнесі бар мерейтойлық паспорттар шығарылады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығына орай елде шектеулі сериямен Дональд Трамптың бейнесі бар жаңа паспорттар шығару жоспарланып отыр. Құжаттың сыртқы келбеті жаңартылғанымен, қауіпсіздік талаптары бұрынғыдай сақталады, деп жазады Egemen.kz.

АҚШ-та Трамптың бейнесі бар мерейтойлық паспорттар шығарылады

Фото: foxnews.com

Fox News мәліметінше, бұл бастаманы АҚШ Мемлекеттік департаменті қолға алған. Жаңа үлгідегі паспорттың ішкі мұқабасына Трамптың портреті, Тәуелсіздік декларациясының мәтіні, мемлекеттік ту және алтын түстес қолтаңба бейнеленеді. Ал басқа бетінде декларацияға қол қою сәтіндегі АҚШ-тың негізін қалаушылардың суреті орналастырылады.

Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды

Мерейтойлық паспорттар шілде айында айналымға шығарылады. Құжаттың дизайны жаңартылғанымен, оның қауіпсіздік талаптары өзгеріссіз қалады.

Сондай-ақ мұқаба безендірілуінде де өзгерістер бар. «United States of America» жазуы үлкейтіліп, елтаңбаның үстіңгі жағына орналастырылады. Ал құжаттың артқы бетінде 13 жұлдыздың ортасына «250» саны жазылған мемлекеттік ту бейнеленеді. Жаңа паспортты өтініш берген кез келген АҚШ азаматы ала алады.

Мерейтой шеңберінде бұдан бөлек, Дональд Трамптың қолтаңбасы қойылған доллар купюралары мен оның бейнесі бедерленген ірі алтын монета шығару да жоспарланып отыр.

Трампқа қастандық жасамақ болған күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін

Соңғы жаңалықтар

Алпамыстың ұрпағы әлжуаз...

Пікір • Бүгін, 11:25