Қазіргі рейтингте 1-орында – Дориан Перес, 2-орында – Нейт Бернард болса, аталған салмақта Дэмиен Диббелл чемпион саналады.
Закир Найманбаев соңғы жекпе-жегін АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен Power Slap 18-турнирінде өткізді. Ол америкалық Уэсли Менді бірауыздан жеңді. Жалпы, ол бұл лигада 5 кездесу өткізіп, 3 рет жеңіске жеткен.
Айта кетейік, 2022 жылы құрылған Power Slap лигасы қазіргі таңда АҚШ-та ресми түрде лицензияланған ұйым болып саналады.