Шыңғыс МҰҚАЕВ
Шыңғыс МҰҚАЕВ«Egemen Qazaqstan»
4073 материал табылды

Қоғам • 12 Маусым, 2025

Отбасының цифрлық картасы тиімділігін көрсетті

Отбасының цифрлық картасын (ОЦК) енгізудің нәтижесінде 2025 жылдың басынан бері әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін 221,6 мың адамға SMS-хабарлама жолданды. Бұл ретте өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 116,9 мың адам пайдаланған, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спорт • 10 Маусым, 2025

Нысана көздеуден Әлем кубогі кезеңінде сайысатын спортшылар

Байрақты дода – Германияның Мюнхен қаласында өтеді, оған Қазақстан құрамасы қатысады, деп жазады Egemen.kz.   

Аймақтар • 10 Маусым, 2025

ШҚО-да суару каналы тазартылды

Шығыс Қазақстан облысының «Қазсушар» филиалы вегетациялық кезеңге дайындық шеңберінде жалпы ұзындығы 55 шақырым суару каналын тазартты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • 10 Маусым, 2025

Қызылорда облысында шаруа қожалықтары суды заңсыз пайдаланған

Аталған облыс аумағында алты шаруа қожалығының суды заңсыз пайдаланғаны анықталған. Биыл вегетациялық кезең басталғалы бері өңірде рұқсатсыз алынған судың көлемі 2,3 млн текше метрден асқан. Бұл судың барлығы күріш алқаптарын суаруға жұмсалған, деп жазады Egemen.kz.

Оқиға • 10 Маусым, 2025

Жетісуда құм-қиыршықтас қоспасы заңсыз өндірілген

Жетісу облысының Алакөл ауданында мемлекеттік меншікке тиесілі жер учаскесін бір заңды тұлға өз бетінше пайдаланып, құқық белгілейтін құжаттарсыз құм-қиыршықтас қоспасын өндірумен айналысқан, деп жазады Egemen.kz.

ЖОЛДАУ • 10 Маусым, 2025

Биыл 123 мың студент жұмысшы мамандығын алып шығады

Бүгінде Қазақстан колледждерінде металлургия, машина жасау, көлік, энергетика, IT, құрылыс және инженерия сияқты экономиканың 15 негізгі бағыты бойынша мамандар даярлау жұмысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт • 10 Маусым, 2025

Пауэрлифтингтен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ

Пауэрлифтингтің классикалық  және арнайы киім киіп көтеру  деген екі түрі бар. Бұл спорт түрі олимпиадалық ойындардың тізіміне әлі енгізілмегенімен, Халықаралық Олимпиада Комитеті ұйымдастыратын Дүниежүзілік ойындарда ұсынылған. Аталған спорт түрі бойынша жыл сайын әлем чемпионаттары өтіп тұрады, оны Халықаралық пауэрлифтинг федерациясы ұйымдастырады. Пауэрлифтингтен ересектер арасындағы Тәуелсіз Қазақстанның спорт тарихында алғашқы Әлем чемпионы Алексей Сивоконь екені белгілі. Ал  Әлем чемпионатында топ жарған алғашқы қазақ Абдулкарим Қараман туралы біреу білсе, біреу білмейді.  

Қоғам • 10 Маусым, 2025

Тәуекел деңгейі жоғары кәсіпорындар саны азайды - министр

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Үкімет отырысында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және еңбек саласын цифрландыру туралы айтты. Мемлекет басшысы қойған міндеттерді іске асыру үшін сала министрлігі 10 бағыт бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп жатыр. Бүгінде еңбек қауіпсіздігін қорғау мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғам • 10 Маусым, 2025

Елімізде жаңа Су кодексі күшіне енді

Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген аталған құжатта – су ресурстарын басқару жөніндегі шешімдерді қабылдауға жұртшылықтың қатысуы кеңейтілді. Енді су бассейндері бойынша құрылған кеңестер су пайдалануды шектеу, су тасқыны мен қуаңшылықтың алдын алу, жергілікті биліктің қателіктерін түзету туралы ұсыныстар бере алады. Сонымен қатар, құжатта алғаш рет «су қауіпсіздігі» деген ұғым енгізілді. Яғни, ол – халықты және экономиканы су тапшылығы мен су көздерінің ластануынан қорғау, сонымен қатар трансшекаралық су ресурстарын қорғауда еліміздің мүддесін қамтамасыз ету дегенді білдіреді. Су көздерінің тартылып кетуінің алдын алу үшін «экологиялық ағын» деген жаңа ұғым енгізілді. Бұл – өзен, көл, теңіздердің экожүйелерін сақтау үшін қажетті ең төменгі су деңгейі, деп хабарлайды Egemen.kz сала министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Форум • 09 Маусым, 2025

Президент «Қазақстан – Болгария» бизнес-форумына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан – Болгария» бизнес-форумына белсене қатысқаны үшін Румен Радевке және болгар кәсіпкерлеріне алғыс айтты. Мемлекет басшысы аталған іс-шара екі елдің экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығына тың серпін беретініне сенім білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.