Фото: dknews.kz
Сонымен қатар №2 Көпсалалы қалалық ауруханада жаңа туған сәбидің құрметіне отырғызылатын ағаштың орналасқан жері көрсетілген QR-коды бар сертификаттарды табыстау және жаңа туған нәрестелерге цифрлық бесіктерді салтанатты түрде тапсыру іс-шарасы өтеді.
Сондай-ақ «Таза Қазақстан» акциясы аясында елордалық тұрғын үй кешендерінің аулаларында ауқымды қар тазалау жұмысы жүргізіледі.
Балабақшаларда, мектептерде және жоғары оқу орындарында «Өзіңнен баста» тазалық челленджі басталады.
Жаңару күні аясында аудан мектептерінің оқушылары виртуалды көзілдіріктер арқылы болашақ мамандықтармен танысады.