Қоғам • Бүгін, 17:51

Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2026 жылдың мамыр айында ел тұрғындары мереке және демалыс күндерін қоса есептегенде шамамен 14 күн демалады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?

Мамыр айында елде бірнеше маңызды мереке атап өтіледі. Атап айтқанда:

  • Қазақстан халқының бірлігі күні – 1 мамыр (жұма);
  • Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр (бейсенбі);
  • Жеңіс күні – 9 мамыр (сенбі).

9 мамыр сенбіге түскендіктен, демалыс күні 11 мамырға (дүйсенбі) ауыстырылады.

Сонымен қатар 27 мамырда Құрбан айт мерекесі атап өтіледі. Бұл күн де ресми демалыс болып саналады.

Демалыс күндері:

  • Бес күндік жұмыс аптасында: 1, 2, 3, 7, 9, 10, 11 және 27 мамыр – демалыс.
  • Алты күндік жұмыс аптасында: 1, 3, 7, 9, 10 және 27 мамыр – демалыс, 2 және 11 мамыр – жұмыс күндері.

Мамыр айында ресми мерекелерден бөлек кәсіби және халықаралық күндер де бар. Алайда олар жұмыс күндеріне сәйкес келсе, қосымша демалыс берілмейді.

Айта кетейік, 2026 жылы Қазақстандағы мереке күндері бірнеше демалыс күніне сәйкес келіп тұр, сондықтан демалыс пен жұмыс күндерінің реті өзгереді. Яғни, ел тұрғындары бес күндік жұмыс аптасы бойынша 119 күн демалса, аптасына алты күн жұмыс істейтіндерде бұл көрсеткіш 67 күнге тең.

Соңғы жаңалықтар