Оқиға • 13 Тамыз, 2025
ШҚО тұрғынының көлігінен Қызыл кітапқа енген құс табылды
Шығыс Қазақстан облысында полицейлер жануарлар әлемін қорғау өкілдерімен бірлесіп өткізген жедел профилактикалық рейд барысында құсты заңсыз алып жүрген тұрғын ұсталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 13 Тамыз, 2025
Заңсыз жер телімі мемлекетке қайтарылды
«AMANAT» партиясының «Жер аманаты» комиссиясы Алматы қаласындағы шағын жер телімі үшін болған дауға нүкте қойды. Қарасай батыр мен Нұрмақов көшелерінің қиылысында орналасқан, өз бетінше қоршалып алынған жасыл аумақ мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 13 Тамыз, 2025
Қазақстандық 10 балуан Болгарияға аттанады
Болгарияның Самоков қаласында грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Тамыз, 2025
СҚО-да интернет-алаяқтыққа қатысы бар күдіктілер ұсталды
Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті мен прокуратураның үйлестіруімен Солтүстік Қазақстан облысында Мағжан Жұмабаев ауданының Булаев қаласында полицейлер 19 бен 24 жас аралығындағы 5 облыс тұрғынын ұстаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 13 Тамыз, 2025
Үкімет Каспий теңізі институтына 305 млн теңге бөлді
Бұл қаржы Мемлекет басшысының Каспий теңізі проблемаларын кешенді зерттеу жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде «Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты» КеАҚ-қа Үкімет резервінен бөлінді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 13 Тамыз, 2025
870-тен астам су нысаны мемлекет меншігіне алынды
Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғаннан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде 10 облыста коммуналдық гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану және басқару жөніндегі мамандандырылған мекемелер құрылған. Бүгінде олардың балансына 872 нысан қабылданды, 283 арнайы техника берілді, 1 197 маман жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің мәліметіне сілтеме жасап.
ЖОЛДАУ • 12 Тамыз, 2025
Биыл елімізде 77 газдандыру жобасы аяқталады
Ауылдағы өмір сапасын арттырып, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытудың маңызды тетігі іспетті газдандыру жұмыстары өңірлерде белсенді жүзеге асырылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Күрес • 12 Тамыз, 2025
Жәнібек Абу-Бәкір джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды
Қытайдың Чэнду қаласында XII Дүниежүзілік ойындар өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Күрес • 12 Тамыз, 2025
Қазақстандық балуандар халықаралық турнирде 7 медаль жеңіп алды
Германияның Дортмунд қаласында грек-рим күресінен Гран-при халықаралық турнирі мәресіне жетті. Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс, 3 қола, барлығы 7 медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Жастар • 12 Тамыз, 2025
Жыл соңына дейін студенттерге 29 жатақхана пайдалануға беріледі
Мемлекет басшысының студенттерді баспанамен қамту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде биыл 10 439 орындық 29 жатақхананы (ЖОО студенттеріне 8 325 орындық 20 жатақхана, колледж студенттеріне 2 114 орындық 9 жатақхана) іске қосу жоспарланған. Бұл туралы Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.