Қоғам • Бүгін, 11:02

Солтүстік өңірлер су тасқынына қалай қамданып жатыр?

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысында алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық шаралары аяқталды. Сергеев және Петропавл гидротораптарында жоспарланған жөндеу жұмыстары толық орындалып, нысандар күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді, деп жазады Egemen.kz.

Солтүстік өңірлер су тасқынына қалай қамданып жатыр?

Фото: Ашық дереккөз

«Қазсушардың» Солтүстік Қазақстан облысындағы филиалы жүргізген жұмыстар аясында екі гидроторапта да жағалауды бекіту шаралары атқарылды. Биылғы жоспарға сәйкес, аталған нысандарда 7 іс-шараны жүзеге асыру көзделген, олардың барлығы орындалған.

Екі гидроторапта СҚО Төтенше жағдайлар департаменті хабарландыру жүйесімен ықпалдастырылған жергілікті ескерту жүйелерімен жабдықталған. Бұл төтенше жағдай туындаған жағдайда жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Өңірлерде су тасқынына қарсы дайындық күшейтілді

Сергеев гидроторабы Есіл өзені ағынын реттейтін негізгі нысан саналады және Петропавл гидроторабымен каскадты жүйеде жұмыс істейді. Аталған екі нысан Солтүстік Қазақстан облысын, сондай-ақ ішінара Қостанай облысы мен Ақмола облысы аумақтарын сумен қамтамасыз ететін біртұтас су шаруашылығы кешенін құрайды.

Ақмола облысы су тасқынына дайын ба?

Филиал директоры Ержан Күсімбаевтың айтуынша, дайындық шаралары кешенді түрде жүргізілген.

«Авариялық кезекші бригадалар құрылды, мамандар қажетті жабдықтармен және құрал-саймандармен қамтамасыз етілді. Учаскелердегі қызметкерлерге қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізілді. Су қоймаларының толу деңгейін тәулік бойы бақылау және су тасқыны жағдайы туралы ақпаратты мүдделі мемлекеттік органдарға, сондай-ақ Ресей Федерациясындағы әріптестерге жеткізу үшін жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылды»,

Мамандардың мәліметінше, қабылданған шаралар көктемгі су тасқыны кезеңінде қауіп-қатердің алдын алуға және өңірдегі елді мекендер мен инфрақұрылым нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Су тасқынына дайындық күшейтілді

Соңғы жаңалықтар