Оқиға • 29 Мамыр, 2026
Алматы облысында мыңнан астам бала ыстық тамақпен қамтамасыз етілмеген
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балалары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуге тиіс. Алматы облысы прокуратурасы білім беру саласында балалардың құқықтарының бұзылуын анықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 29 Мамыр, 2026
Үкімет ветеринарияны дамытудың кешенді жоспарын бекітті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 10 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау шеңберінде мал шаруашылығының тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін сапалы ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру мақсатында Үкімет 2026-2030 жылдарға арналған ветеринарияны дамытудың кешенді жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 29 Мамыр, 2026
Лауазымын асыра пайдаланған: Испания премьер-министрінің ағасы сот алдында жауап береді
Испанияда премьер-министр Педро Санчестің бауыры Давид Санческе қатысты резонансты сот процесі басталды. Ол қызметке заңсыз орналасу және жоғары лауазымды байланыстарын пайдаланды деп айыпталып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 29 Мамыр, 2026
29 мамыр – Бітімгер күні: Қазақстанның 900-ден астам әскери қызметшісі БҰҰ миссияларына қатысты
Бүгін елімізде алғаш рет ресми түрде Бітімгер күні аталып өтіп отыр. Кәсіби мереке БҰҰ-ның Халықаралық бітімгерлер күнімен тұспа-тұс келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 29 Мамыр, 2026
Қылмыстық істерді тергеу процесіне жасанды интеллект енгізіледі
Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы шеңберінде Құқық қорғау саласындағы цифрлық құралдарды дамыту жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Мамыр, 2026
Қай қалаларда пәтер бағасы төмендеді?
Қазақстанның ірі қалаларында екінші нарықтағы тұрғын үй бағасы қатарынан екінші ай төмендеп отыр. Мамыр айында бірнеше өңірде пәтер құны арзандаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 28 Мамыр, 2026
Ақбөкен мүйіздерін сақтау және тасымалдау: Заң бұзғандардың жауапкершілігі артады
Мәжіліс екінші оқылымда жануарлар дүниесі, орман және аңшылық шаруашылығы және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларды, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске (ӘҚБтК) енгізілетін ілеспе түзетулері қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Университет • 28 Мамыр, 2026
ЕҰУ Ресейдің жетекші университеттерімен ынтымақтастығын кеңейтеді
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясымен (БССА) ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 28 Мамыр, 2026
Астана – Мәскеу бағытында жүргізушісіз жүк көлігі жобасы іске қосылды
Екі елдің көлік министрліктері «КамАЗ» жария акционерлік қоғамымен бірлесіп, жүк автокөліктерінің жүргізушісіз қозғалысын сәтті іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 28 Мамыр, 2026
Президенттер Қазақстан мен Ресейдің мәңгі достығы аллеясында емен көшетін екті
Президенттер Қазақстан мен Ресейдің мәңгі достығы аллеясында емен көшетін екті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.