Оқиға • 19 Мамыр, 2026
Рақымшылық дұрыс қолданылмаған: Түркия мен Египетке жалған жолдама сатқан алаяқ қайтадан сотталды
Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік желі арқылы жалған туристік қызмет ұсынып, азаматтарды алдаған алаяқ сотталды. Ол «жеңілдікпен туристік жолдамалар» сатамын деп 13 адамның ақшасын иемденген, деп жазады Egemen.kz.
Логистика • 19 Мамыр, 2026
Кендірлідегі әуежайдың қашан ашылатыны белгілі болды
Маңғыстау облысында туризмді дамытуға бағытталған ірі инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылып жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қарақия ауданындағы «Кендірлі» курорттық аймағында жаңа әуежайдың құрылысы жүргізіліп жатыр. Нысан Каспий теңізінің жағалауынан 13 шақырым қашықта орналасқан және өңірдің туристік әлеуетін арттыруға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Логистика • 19 Мамыр, 2026
Астанадан Токио мен Нью-Йоркке тікелей рейстер қашан ашылады?
Қазақстаннан Токио мен Нью-Йоркке тікелей әуе рейстерін ашу мерзімдері белгілі болды. Үкімет отырысында бұл мәселені Олжас Бектенов көтеріп, халықаралық бағыттардың кешігу себебін сұрады, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 19 Мамыр, 2026
Қарағанды облысында өрт ошақтарын дрондар бақылайды
Қарағанды облысында өрт ошақтарын дер кезінде анықтап, жалынның таралу бағытын болжау үшін дрондар қолданылып жатыр. Сонымен қатар биыл ауылдық жерлерде жаңа өрт сөндіру бекеттері ашылады, деп жазады Egemen.kz.
Жастар • 19 Мамыр, 2026
«Жасыл ел»: Алматы облысының жастары 100-ден астам көшет отырғызды
Алматы облысында республикалық «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XXII маусымының салтанатты ашылуы өтті. Оған еліміздің барлық өңірінен келген белсенді жастар, мемлекеттік органдар мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 19 Мамыр, 2026
Илон Маск OpenAI-ға қарсы сотта жеңіліп қалды
Соңғы уақытта Илон Маск бірнеше сот ісінде жеңіліске ұшырады. Соңғысы – OpenAI мен оның басшысы Сэм Альтман қарсы берген шағымының қанағаттандырылмауы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Мамыр, 2026
Алты тұстан пышақ сұққан: Талдықорғанда мектеп оқушысы студентті өлтірді деген күдікке ілінді
Талдықорғанда 20 жастағы студент кісі қолынан қаза тапты. Қайғылы оқиға 7 мамырда футбол матчын бірге көріп отырған жастар арасындағы жанжалдан кейін болған. Анасының айтуынша, 17 жастағы мектеп оқушысы ұлына пышақ сұққан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 19 Мамыр, 2026
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
19 наурыз күнгі сауда қорытындысы бойынша Қазақстан қор биржасында доллар бағамы аздап төмендеді, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 19 Мамыр, 2026
Анчелотти Неймарды әлем чемпионатына баратын құрамға қосты
Бразилия құрамасының бас бапкері Карло Анчелотти 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын ойыншылар тізімін жариялады. Құрама сапына «Сантос» шабуылшысы Неймар да енді, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 19 Мамыр, 2026
Жаңбыр жауып, жел күшейеді: 19 мамырға арналған ауа райы болжамы
19 мамырда еліміздің оңтүстігінде және батыс бөлігінің кей аумақтарында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сонымен қатар республика аумағының басым бөлігінде жел күшейіп, батыста шаңды дауыл тұруы мүмкін, деп жазады Egemen.kz.