Шыңғыс МҰҚАЕВ
Шыңғыс МҰҚАЕВ«Egemen Qazaqstan»
4073 материал табылды

Экология • 08 Тамыз, 2025

БҚО-да экологиялық мақсаттарға 54 млн текше метрден астам су жіберілген

Жыл басталғалы «Қазсушар» РМК Батыс Қазақстан филиалы табиғатты қорғау және шабындықтарды суару үшін 54 млн текше метрден астам су жіберген. Жәнібек суару-суландыру жүйесі арқылы бүгінге дейін 7,9 және Орал-Көшім арқылы 22,25 млн текше метр су жіберілген, деп жазады Egemen.kz.

Оқиға • 08 Тамыз, 2025

Қызылсай-Шымкент өткелінде автокөлік пен тепловоз соқтығысты

8 тамызда сағат 04:30-да Қызылсай-Шымкент аралығының күзетілетін теміржол өткелінде HOWO автокөлігі маневрлік тепловозбен соқтығысқан, оқиға – пойыздардың жүру кестесіне әсер еткен, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Қазақстан • 07 Тамыз, 2025

Арпа экспорты екі есе артқан

2024 жылғы қыркүйектен 2025 жылғы тамызға дейінгі аралықта арпаның сыртқа жеткізілу көлемі 1,82 млн тоннаны құраған, бұл өткен маусымның осы кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп (+952,6 мың тонна). Осылайша еліміз арпа экспортын айтарлықтай арттырып отыр, деп жазады Egemen.kz.

ЖОЛДАУ • 07 Тамыз, 2025

500 мыңнан астам бүлдіршін балабақшаға ваучер алған

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылдан бастап мектепке дейінгі ұйымдарда ваучерлік қаржыландыру жүйесі кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр. Жоба – балабақшаларда қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға және ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шаруашылық • 07 Тамыз, 2025

Елімізде аграрлық технопарк құру жобасы қолға алынды

Заманауи технологиялар мен «жасыл экономика» қағидаттарын қолдана отырып, органикалық ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған ауқымды жобаға – Seifullin University, А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы, Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы және «БИО-KATU» ЖШС қатысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 07 Тамыз, 2025

Түркістан облысында егіс алқаптары тексерілді

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов жұмыс сапарымен Түркістан облысына барып, өңірдегі егіс алқаптарын суармалы сумен қамтамасыз ету барысын тексеріп, өңірдегі су шаруашылығы жағдайымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 07 Тамыз, 2025

Биыл мүмкіндігі шектеулі жандардың 359 мыңнан астам тапсырысы орындалған

Биылғы жыл басынан бері Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы шамамен 279 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын (ОТҚ), 8,3 мың – ымдау тілі қызметін, 46,3 мың – жеке көмекшінің, 46,3 мың – санаторийлік-курорттық емдеу қызметін, жалпы барлығы 359 мыңнан астам қызмет алған, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан • 06 Тамыз, 2025

Электронды қызметтер ел игілігіне айналып келеді

АҚШ электронды үкімет жүйесін 1993 жылдан бастап енгізе бастаса, Еуропа елдері 1997 жылдан бастап қолданған. Ал еліміз электронды үкімет порталын 2006 жылы іске қосса да, көп елдерден озып, алдыңғы қатарға шықты. БҰҰ-ның электронды үкімет индексі бойынша Қазақстан 193 елдің ішінде 24-орында болса, онлайн қызмет сапасы бойынша алдыңғы ондыққа енеді. Тіпті Швейцария, Франция, Қытай сияқты кейбір дамыған елдерден озық. Деректерге сүйенсек, қазіргі уақытта елімізде халықтың басым бөлігі мемлекеттік қызметтерді онлайн түрде пайдаланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорда • 06 Тамыз, 2025

Елордада Төле би көшесінің бір бөлігі жабылады

Астананың Көлік және көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Төле би көшесінің Р.Бағланова көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі аралығын салу жобасы шеңберінде инженерлік желілерді салу және Төле би мен Орынбор көшелері қиылысында жол салу жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Спорт • 06 Тамыз, 2025

16 жасар теннисші алғашқы халықаралық титулына қол жеткізді

Болгарияның бас шаһары Софияда жасөспірімдер арасында ITF Juniors турнирінің J30 санатындағы жарысы мәресіне жетті, деп жазады Egemen.kz.