
Қылмыс • 26 Сәуір, 2024
«Соғысқа» қатысты жалған видео таратқан қостанайлық сотталды
Қостанай қаласының №2 сотында облыс орталығы тұрғынына қатысты көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық іс қаралды. Айыпталушы 2023 жылғы 8 қыркүйекте өзінің жеке ұялы телефонына ҚР Ұлттық ұланының әскери бөліміне тиесілі жауынгерлік техника автоколоннасын түсіріп алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Сәуір, 2024
Жол бойын көгалдандыру мәселесі тиісті деңгейде шешілмей отыр - сенатор
Сенатор Нұртөре Жүсіп ҚР Премьер-министрінің атына жолдаған депутаттық сауалында жол бойындағы жасыл желектің аздығы туралы мәселе көтерді. Сенатордың айтуынша, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының желісі 25 мың шақырымды құрайды. Алайда, оның 6,3 мың шақырымы ғана жасыл желекпен қамтылған, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 25 Сәуір, 2024
Үкіметтен жедел қолдау болмаса фермерлер егін егуге үлгермеуі мүмкін - сенатор
Тасқын судан зардап шеккен өңірлердегі ауыл еңбеккерлері егіс науқанын уақытында бастай алмауы мүмкін. Өйткені көктемнің әр күні жылға азық. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әр күн маңызды. Қазіргі уақыт жедел әрекет етуді қажет ететінін атап өткен депутат Арман Өтеғұлов фермерлердің проблемаларын Үкімет алдына жайып салды, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 25 Сәуір, 2024
Сенат Спикері: Отандық дәрі-дәрмектің жартысы ғана ДДҰ стандарттарына сай келеді
Қазіргі уақытта Қазақстанның дәрі-дәрмек нарығында отандық өндірушілердің үлесі бар болғаны 10 пайызды құрайды. Тіпті бұл көрсеткіштен де төмендеп барады. Сондай-ақ отандық дәрі-дәрмектің жартысы ғана халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Көңіл көншітпейтін мұндай статистиканы бүгін Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Палата отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 25 Сәуір, 2024
«Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» ұғымдары халқымыздың стратегиялық бағдарын білдіреді – сенатор
Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу. Халқымыздың стратегиялық бағдарының түпкі мәнін дәл әрі нақты білдіретін осы үш ұғымды ту еткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында Мемлекет басшысы айтқан мәселелер туралы Әлішер Сатвалдиев Facebook әлеуметтік желісінде пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 25 Сәуір, 2024
«Таза Қазақстан»: Павлодарда 40 қайың отырғызылды
Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы шеңберінде «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» мен «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен Павлодар қаласы көшелеріне ағаш отырғызылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Сәуір, 2024
Мигранттар туралы жүйелі әлеуметтік зерттеулер жүргізу қажет – Дархан Қыдырәлі
Крокуста болған қайғылы жағдайдан кейін елімізге ағылатын еңбек мигранттарының саны артатыны болжанып отыр. Сенатор Дархан Қыдырәлі өзінің депутаттық сауалында олардың біздің елімізге заңсыз келуіне байланысты ұлттық қауіпсіздікке әсер ететін проблемаларды көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 25 Сәуір, 2024
Президент ҚХР Қорғаныс министрі Дун Цзюньді қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қытай Халық Республикасының Қорғаныс министрі Дун Цзюньге ілтипат білдіре отырып, оның тату көршілік, достық қатынастарды және өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін ерекше атап өтті. Президент қазақ-қытай байланыстары жоғары деңгейде екеніне, яғни арада мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық серіктестік орнағанына назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 25 Сәуір, 2024
Мемлекеттік наградалар туралы заңға енгізілген түзетулер мақұлданды
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Отырыс барысында сенаторлар «ҚР-ның мемлекеттік наградалары туралы» Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заңды қарап, мақұлдады. Аталған заң Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Парламент депутаттарының бастамашы болуымен әзірленді, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 25 Сәуір, 2024
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл тағайындалды
Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.