Қоғам • 25 Сәуір, 2024

«Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» ұғымдары халқымыздың стратегиялық бағдарын білдіреді – сенатор

156 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу. Халқымыздың стратегиялық бағдарының түпкі мәнін дәл әрі нақты білдіретін осы үш ұғымды ту еткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында Мемлекет басшысы айтқан мәселелер туралы Әлішер Сатвалдиев Facebook әлеуметтік желісінде пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» ұғымдары халқымыздың стратегиялық бағдарын білдіреді – сенатор

Фото: senate.parlam.kz

Айта кетсек, еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты 700-ден астам сессия қатысушылары өз өңірлерінен бейнебайланысқа қосылды. Сенат Төрағасы М.Әшімбаев бастаған бір топ депутаттар, «Бір ел - бір мүдде депутаттық тобының мүшелері Парламент қабырғасынан сессия жұмысына қатысты.

«Алқалы жиынның күн тәртібі әрине бүгінгі таңда табиғаттың тосын мінезінің салдарынан келген зардаптың орнын толтыру және қиындыққа ұшыраған отандастарымызға қол ұшын берудегі Қазақстан Халқы Ассамблеясының рөліне арналды десек болады. Мемлекет басшысы су тасқыны кезінде Ассамблеяның атқарған ауқымды әрі үйлесімді жұмысына ерекше тоқталды.
Зардап шеккендерге жан-жақты қолдау көрсету бойынша жедел түрде ҚХА республикалық және өңірлік штабтары құрылғанын атап өтті», деп жазды депутат.

Депутаттың сөзінше, шын мәнінде де атқарылған тірлік аз емес. Бүкіл елді қамтыған «Жүректен жүрекке» ауқымды акциясы аясында апат аймақтарына жалпы сомасы 770 миллион теңгеден астам 1500 тоннадан астам азық-түлік пен бірінші кезектегі қажетті тауарлар жіберілді.

«Оған этномәдени бірлестіктердің 12 мыңнан астам еріктілері қатысты. Мемлекет басшысы атап өткендей Ассамблея өзінің ұлт бірлігі мен ынтымағы құндылықтарының тиімді жолбасшысы екенін іс жүзінде тағы да көрсетті», деді сенатор.

Әлішер Сатвалдиев өз пікірінде Ассамблея Төрағасы тоқталған аса маңызды бағыттың бірі – ҚХА жұмысын жаңа ұлттық идеология Доктринасымен үйлестіру екенін атап өткен. 

Президент идеологиялық реформа мәселесінде: «Қазақстанда бұрын-соңды мұндай ауқымды реформа жасалмаған. Бірақ бұған тоқмейілсіп отыруға болмайды, реформаны сапалы жүзеге асыра беруіміз керек. Еліміз қарқынды дамуы үшін ондаған жыл бойы қордалаған көптеген мәселені шешуіміз қажет. Біз күш-жігерімізді біріктіру арқылы ғана болашақ жетістіктердің берік тұғырын қалап, саясатта, экономикада, мәдениетте және әлеуметтік салада түбегейлі өзгерістер жасай аламыз. Дәл сол себепті Ассамблеяның бүгінгі сессиясы «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» деп аталды», деп атап өтті.

«Қоғамымыздағы ауызбіршілік пен берекелі ынтымағымызға сызат түсіргісі келетін теріс пиғылдылар мен әлеуметтік желілерде алауыздық туғызуға тырысатындардың қитұрқы әрекетіне алданбауға шақырды.

Сонымен қатар қарғын су зардабынан шығынға ұшырағандардың барлық шығыны толықтай өтелетінін, бұл үшін еш қандай үнемдеу болмайтынын атап өтті. Үкіметке мемлекеттік резервтегі қаржыны жұмсауға рұқсат бергенін мәлімдеді», деп түйіндеді депутат.

Соңғы жаңалықтар

Қаламгер һәм қайраткер

Қоғам • 25 Мамыр, 2024

Жеңіл табыс жерге қаратады

Қоғам • 25 Мамыр, 2024

Микроқаржы сергелдеңі

Қаржы • 25 Мамыр, 2024

Болмысы биік тұлға

Тағзым • 25 Мамыр, 2024

БАҚ пен тіл

Сұхбат • 25 Мамыр, 2024

Тасқын су толастамай тұр

Аймақтар • 25 Мамыр, 2024