Қылмыс • 26 Сәуір, 2024

«Соғысқа» қатысты жалған видео таратқан қостанайлық сотталды

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай қаласының №2 сотында облыс орталығы тұрғынына қатысты көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық іс қаралды. Айыпталушы 2023 жылғы 8 қыркүйекте өзінің жеке ұялы телефонына ҚР Ұлттық ұланының әскери бөліміне тиесілі жауынгерлік техника автоколоннасын түсіріп алған, деп хабарлайды Egemen.kz

«Соғысқа» қатысты жалған видео таратқан қостанайлық сотталды

Фото: pixabay.com

Сотталушы түсірілген видеоны «WhatsApp» мессенджеріндегі топтық чатқа жібергенін жасырмады, кейін белгісіз тұлғалар тарап кеткен бейнематериалды «YouTube» арнасына жүктеп, шындыққа жанаспайтын ақпарат жариялаған. Салдарынан «Қостанайда соғыс басталайын деп жатыр» жеген фейк қоғамда резонанс тудырып, халықтың үрейін ұшырды.

Сотта күдіктінің ісі қысқартылған тәртіппен қаралды. Сот жарыссөзінде мемлекеттік айыптаушы сотталушыға 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындауды өтінді.

Бұрын сотталмаған сотталушының жеке басын, орташа ауыр қылмыс санатына жататын әрекеттің сипатын, қоғамдық қауіптілік дәрежесін және басқа да мән-жайды ескере отырып, сот пробациялық бақылауды белгілей отырып, сотталушыға 1 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны тағайындады.