Аймақтар • 26 Наурыз, 2020
Қостанай облысы: коронавируске қарсы шеп құру жоспары пысықталды
Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен өткен селекторлық кеңесте облыста эпидемиялық жағдай нашарлаған жағдайда Қостанай қаласына кіреберіс жолдарда бақылау-өткізу бекеттерін орнату туралы мәселе сөз болды. Қостанай қаласының әкімі мұндай жағдайда ірі автокөлік жолдарында 6 бақылау-өткізу бекетін орнатуды ұсынды.
Аймақтар • 26 Наурыз, 2020
Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Шекара жабық, шектеу көп. Бүгінгідей сындарлы кезеңде әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандар қамқорлықтан қағажу қалмауы тиіс. Осы мақсатта Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары аясында қолға алынған бірыңғай республикалық акция қостанайлықтар тарапынан кең қолдауға ие болды. Шараның аймақта жүзеге асу барысы бүгін облыс әкімдігінде өткен кеңейтілген отырыста талқыланды.
Аймақтар • 26 Наурыз, 2020
Қостанай облысы: Nur Otan филиалдары азаматтарды қабылдауды уақытша тоқтатты
Бұл туралы бүгін қала және аудан әкімдерімен онлайн режімде кеңес өткізген аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов мәлімдеді.
Аймақтар • 26 Наурыз, 2020
Қостанай облысы: Керек құжатты үйде отырып-ақ ресімдеуге болады
Қостанай облысында халыққа қызмет көрсету орталықтары мен көші-қон қызметі тек қана электрондық үкімет порталы арқылы қызмет көрсетуге көшті.
Қоғам • 26 Наурыз, 2020
Қостанай облысында бірнеше ауыл бүгінге дейін Ресейдің ұялы байланысын пайдаланып отыр. Мәселен, Қарабалық ауданына қарасты Приречный ауылында қазақстандық байланыс операторлары атымен жоқ. Тұрғындар бір-бірімен ресейлік МТС арқылы хабар алысады. Бұл ауылда «Ксеll»-ге кеңістік, «Асtiv»-ке ауа жоқ. Сырттан келген жолаушының телефоны тұншығып, тілсіз қалады. Қайтар жолға шығып, Қарабалыққа жақындаған соң ғана қайта тірілген ұялы телефонға «Әлемдегі ең алып ел – Ресейге қош келдіңіз! Роумингке тіркеліңіз. Арзан тариф!» деген хабар түседі. Одан Қостанайға жете бергенде «Үйіңізге оралуыңызбен! Шетелге жиі саяхаттайсыз ба? Біз арқылы арзан әуе, ТЖ билеттеріне тапсырыс беріңіз!» деген хабарлама тағы түседі. Осылайша Приречныйдан қайтқан жолаушы шекара аспай-ақ шетелге шыққандай күйге түседі.
Оқиға • 25 Наурыз, 2020
Рудныйда полицейлер мүмкіндігі шектеулі жанды өрттен аман алып қалды
Полиция басқармасының мәліметінше, 22 наурыз күні Рудный қаласындағы көп қабатты тұрғын үйдің бірінен өрт шығып, өздігінен жүре алмайтын мүмкіндігі шектеулі зейнеткер қызыл жалынға оранған пәтер ішінде қалады. Оқиға орнына өрт сөндірушілерден бұрын жеткен патрульдік полиция инспекторы Мақсұт Досыбаев пен кіші сержант Төлеген Қастаев дереу қою түтін тұмшалаған бесінші қабатқа көтеріліп, жалын құрсауында қалған зағипті дін аман сыртқа алып шығады.
Аймақтар • 25 Наурыз, 2020
Қостанайда Densaylyq Qostanai қоры құрылды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев таяуда пандемияны ауыздықтау үшін мемлекет тарапынан қабылданып жатқан шараларға қосымша республикалық қор құру туралы ұсынысына Қостанай облысындағы іргелі кәсіпорындар қолдау білдіруде. Аймақта індетке қарсы «Densaylyq Qostanai» қоры құрылып, оған елдегі ахуалға бейжай қарай алмайтын елжанды азаматтар, жеке кәсіпкерлер қаржы аудара бастаған.
Аймақтар • 24 Наурыз, 2020
Қостанай: Қоғамдық тәртіптің сақталуына еріктілер атсалысады
Жалпыға бірдей жарияланған төтенше жағдайға қарамастан, әсіресе, мерекелік демалыс күндері үйде тыпыршып тыныш отыра алмай, сыртқа шығып, бас қосып көңіл көтеруді жөн көретін сауықшылар азаймай тұр.
Аймақтар • 23 Наурыз, 2020
Қостанай дәріханаларында медмаска жоқ болып кетті
Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті бүгінге дейін аймақта коронавирус жұқтырғандар тіркелмегенін хабарлады. Қазір облыста 39 адам госпитальда жатыр. 41 адам – үй карантинінде. Эпидемиялық аһуал тұрақты.
Аймақтар • 23 Наурыз, 2020
Қостанай облысында соңғы бір тәулік ішінде 15 қылмыс тіркелді
Кеше Науырзым ауданында екі адам кісі қолынан қаза тапты. Ауыр қылмысқа бас қосып ішімдік ішіп отырған таныс үш адамның арасында туындаған жанжал себеп болған. – Нәтижесінде 41 жастағы ер адам бірі 52, екіншісі 39 жастағы екі танысын өлтірген. Қазір қылмыстық іс қозғалып, күдікті тергеу абақтысына қамалды, - деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз орталығы.