Аймақтар • Бүгін, 08:47
Тілсіз жауға – тегеурінді тосқауыл
Арақарағай орман шаруашылығының аумағында «Өрт-2026» республикалық оқу-жаттығуы өтті. Іс-шарада өрт қаупі кезеңіне дайындық барысы пысықталып, азаматтық қорғаныс күштерінің төтенше жағдайдың алдын алу, өрт сөндіру кезінде өзара іс-қимыл тәжірибесі тексерілді.
Өндіріс • Бүгін, 08:00
«Адал LTD» компаниясы бұған дейін бидай тартып, ұн шығарып, оны өзге өңірлерге жөнелтіп отыратын. Мемлекет қолдауына арқа сүйеген кәсіпорын таяуда өндіріс аясын кеңейтіп, макарон цехы мен жасымық, бұршақ өңдейтін өндірісті іске қосты.
Шаруашылық • 13 Маусым, 2026
Тыңайтқыш алудың ыңғайлы тәсілі
Биыл өңірде 5 млн гектар алқапқа тұқым себу жоспарланған. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, ауылшаруашылық құрылымдары бүгінге дейін егіс алқабының 97 пайызына дән сеуіп алған. Биыл дәстүрлі дақыл бидайға қарағанда анағұрлым бағалы әрі нарықта жоғары сұранысқа ие майлы, бұршақты дақылдың көлемі едәуір ұлғайып отыр.
Аймақтар • 11 Маусым, 2026
Тұрғындарға тегін балапан таратты
Инкубаторлық құс шаруашылығымен айналысатын «Moldex» серіктестігінің қызметкерлері бірнеше ауылды аралап, тұрғындарға тауықтың сарыүрпек балапандарын үлестірді.
Саясат • 05 Маусым, 2026
Жобалардың орындалу барысымен танысты
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңір өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы саласының даму қарқынымен танысып, ірі өндірістік, инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асу барысын тексерді. Сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері зерделеніп, алдағы даму кезеңіне арналған міндеттер айқындалды.
Руханият • 03 Маусым, 2026
Амангелді батырдың ағаш төсегі музейде сақтаулы тұр
Амангелді ауылындағы А.Иманов атындағы мемориалдық музейде Торғай өңірінің арғы-бергі тарихына қатысты 5800-ден аса жәдігер сақтаулы тұр. Соның ішінде Амангелді батырдың бала кезінде жатқан төсегі де бар. Құнды жәдігер батырдың анасы Қалампырдан қалған.
Мәселе • 02 Маусым, 2026
Ұрпақ қауіпсіздігі – басты назарда
Қостанай облысында балалардың жазғы демалысы мен сауықтыру шараларына 457 млн теңге бөлініп отыр. Биылғы жаз 102 мыңнан астам бала тұмса табиғат аясына орналасқан 12 лагерьде, одан қалды мектеп жанынан ашылған 617 орталықта демалады.
Қоғам • 12 Мамыр, 2026
Жалдамалы жұмысшының жағдайын кім ойлайды?
Мемлекет қарапайым еңбек адамының мәртебесін көтеріп, әл-ауқатын арттыруға барынша күш салып жатыр. Соған қарамастан бүгінде ауыл шаруашылығы, құрылыс саласында жалданып қара жұмыс істеп жүрген азаматтардың біразы міндетті әлеуметтік кепілдік шараларынан тыс қалып отыр, деп жазады Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 16 Сәуір, 2026
Тобыл бойындағы тазалық акциясы
Өңірде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында көктемгі жаппай сенбіліктер маусымы басталды. Қостанайдағы «Триатлон» саябағында өткен алғашқы сенбілікке облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысты.
Жәдігер • 10 Сәуір, 2026
Арқалықтағы Дала өлкесі тарихы мұражайында тұрған ұлттық аспап Торғай өңіріне белгілі қолөнер шебері Төкей Оспановтың қолынан шыққан.