Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1795 материал табылды

Референдум • 15 Наурыз, 2026

Қостанай тұрғыны туған күнінде дауыс берді

Қостанай облысының тұрғындары Ұлыстың ұлы күні қарсаңында өтіп жатқан референдумге ерекше ықыласпен қатысып жатыр. Өздері тіркелген учаскеге біреулер Қыдыр ата кейпінде келсе, кейбір азаматтар бала-шағасымен бірге бүкіл әулетімен ұлттық киіммен келіп дауыс беріп кетіп жатыр. Осылайша, ел тағдыры таразыға түскен маңызды саяси науқан көп жерде мерекелік сипат алып жатыр десек болады, деп жазады Egemen.kz.

Референдум • 15 Наурыз, 2026

Қостанайлық тұрғындар референдумда белсенділік танытты

Қостанай облысында 717 референдум учаскесі жұмыс істеп жатыр. Өңірде 536 824 азамат дауыс беру құқығына ие. Тұрғындардың маңызды науқанға белсенді атсалысып жатқаны байқалады. Кейбір учаскелерде жұрт кезек күтіп қалып жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Референдум • 15 Наурыз, 2026

Қостанайда 100 жастағы қарт майдангер дауыс берді 

Қостанайда ғасырмен құрдас қарт майдангер, ардагер журналист Қасымхан Алдабергенов дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Референдум • 15 Наурыз, 2026

Қостанай облысының әкімі дауыс берді

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов жаңа Конституцияны қабылдау бойынша өз таңдауын жасады. Аймақ басшысы ел болашағын айқындайтын маңызды науқанға әр азамат өз құқығын пайдаланып әр азамат өз құқығын пайдаланып үн қосуы маңызды екенін айтты. Сонымен қатар, бүгінгі референдумның жылдың басы, ізгіліктің жаршысы – Наурыз мерекесі қарсаңында өтіп жатқанын жақсылықтың нышаны деп есептейтінін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ата заң • 13 Наурыз, 2026

Құмар Ақсақалов: Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа кезеңі

Ата заңымыздың жаңа жобасы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қалай әсер етеді? Тобыл − Торғай өңірінің өткен жылдар ішінде дамуы мен алдағы жоспарлары жөнінде Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов басылымымызға арнайы сұхбат берді.

Ата заң • 05 Наурыз, 2026

Қостанайлық сарапшылар жаңа Конституция жобасын қолдады

Қостанайда «Аймақтың экономикалық дамуы: салалараралық диалог» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Сала басшылары, кәсіпкерлер, қаржы мекемелерінің өкілдері және облыстық мәслихат депутаттары бас қосқан жиында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, жаңа Конституция жобасы талқыланды.  Алқалы кеңеске өңір басшысы Құмар Ақсақалов, облыстық мәслихат төрағасы Сайлаубек Есжанов, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өңірлік филиалының директоры Ренат Дәулетбаев «Еуразия банк» филиалының директоры Қырмызы Жаңбыршина қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 23 Ақпан, 2026

Қостанайда ауылшаруашылық техникаларының көрмесі өтті

Жыл сайын көктемгі, күзгі науқанның алдында ұйымдастырылатын дәстүрлі «АгроҚостанай-2026» көрмесіне ауылшаруашылық техникаларын өндірушілер, сатушылар, дилерлер, фермерлер, сервистік және қаржылық компаниялар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • 23 Ақпан, 2026

Қостанай облысында он үш адам қар құрсауынан құтқарылды

Облыстық Төтенше жағдай департаментінің құтқарушылары Қостанай-Қарабұтақ» тас жолының бойында қар құрсауында қалған жолаушыларды эвакуациялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • 20 Ақпан, 2026

Ресейге 4 тонна металл алып өтпек болғандар ұсталды

Қостанай облысындағы «Аят» шекара бекетінде Ресейге түсті метал сынықтарын алып өтпек болған «Renault» маркалы жүк көлігі ұсталды. Жүргізушінің жол құжатында көліктің жүксіз, бос кетіп бара жатқаны көрсетілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тағайындау • 20 Ақпан, 2026

Қостанай облысы прокурорының орынбасары тағайындалды

Бас прокурордың 12 ақпандағы бұйрығымен әділет аға кеңесшісі Ерлан Андабаев Қостанай облысы прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Яндекс.Метрика