Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1936 материал табылды

Музей • 30 Тамыз, 2025

Кенепте таңбаланған тарих

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында қылқалам шебері Әбілхан Қастеевтің он шақты туындысы сақталған. Оның ішінде Амангелді бастаған Торғайдағы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқан Әбжан Тұрманов, Сейітмағанбет Демесінов, Сыздық Жантілеуовтің портреті бар.

Ата заң • 28 Тамыз, 2025

Қостанайда Конституция күніне арналған мерекелік жиын өтті

Қостанайда Конституцияның 30 жылдығына орай «Ата заң –тәуелсіздік тірегі: құқықтық мемлекеттің отыз жылдық дамуы» атты мерекелік конференция өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, заң саласының мамандары, ардагерлер, мұғалімдер, мектеп оқушылары қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 27 Тамыз, 2025

Қостанайда тәртіп сақшылары балаларға жол қауіпсіздігін үйретті

Қостанайда тәртіп сақшылары бірнеше балабақшаға барып, жол қауіпсіздігі ережелері  туралы сабақ өткізді. Іс-шара балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алуға бағытталған «Назар аударыңыз – балалар!» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 27 Тамыз, 2025

Он мың балаға көмек

Тамыздың басында өңірде «Мектепке жол» акциясы басталды. Аталған акция алғаш рет 2001 жылы Қостанай қаласында қолға алынғанын да айта кету керек. Сол кездегі бір топ қолы ашық азаматтың ізгі ниетінен туған игі бастама облыстық білім басқармасы тарапынан қолдау тауып, қайырымдылық акциясы біраз жыл өңірлік деңгейде іске асырылып келді.

Балалар • 25 Тамыз, 2025

Рудныйда инклюзияны қолдау кабинеті ашылды

Рудныйда өткен «Run for autism» қайырымдылық жобасы аясында Рудныйдағы балабақша мен мектепте екі бірдей инклюзияны қолдау кабинеті ашылды, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 25 Тамыз, 2025

Қостанай облысында 51 ауыл 4G интернет желісіне қосылады

Осыдан екі жыл бұрын «Билайн» байланыс операторы мен облыс әкімдігі арасында шалғай ауылдарға «Билайн Қазақстанның» базалық стансасын орнату жөнінде меморандум жасалған. Нәтижесінде бүгінге дейін 22  ауыл жоғары сапалы интернет байланысына қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 23 Тамыз, 2025

Қостанайда халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды

Қостанайда көп функциялы қызмет көрсету орталығы ашылды. Бұған дейін жұмыс істеп келген ескі орталықтың тұрған жері қолайсыз, ғимараты тарлау болатын. Жаңа ХҚКО кең, жаяу немесе көлікпен келушілерге бірдей қолайлы қала орталығындағы екі қабатты ғимаратқа орналасты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жәдігер • 21 Тамыз, 2025

Жәдігерді жаңғыртқан ескерткіш

Қостанайда «Тобыл ойшылы» тас мүсініне ескерткіш орнатылды. Көнеден жеткен құнды жәдігердің үш метрлік алып көшірмесін ақтөбелік мүсінші Жеңіс Жұбанқосов жасап шыққан.

Білім • 20 Тамыз, 2025

Қостанайда өңір мұғалімдерінің тамыз кеңесі өтті

Қостанайда мұғалімдердің дәстүрлі тамыз кеңесі өтті. «Білім келешегі: адал азамат – кәсіби маман» тақырыбы аясындағы мәселелер талқыланған кеңесте  өткен оқу жылы қорытындыланып, жаңа оқу жылының жұмыс жоспары пысықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өнер • 15 Тамыз, 2025

Қостанайда «Алтын микрофон» халықаралық байқауы басталды

Осымен жиырма бірінші рет өтіп жатқан дәстүрлі ән фестиваліне еліміздің он шақты өңірінен және алыс-жақын шетелден келген  84 үміткер қатысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.