Аймақтар • Бүгін, 08:45

Арқалықтағы ағайынның қуанышы

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Арқалықта тағы бір көпқабатты тұрғын үй пайдала­нуға берілді. Қала орталығындағы жаңа үйге біраздан бері ­баспана кезегінде тұрған көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, кәмелетке толған жетім балалар мен зейнеткерлер қоныстанды.

Арқалықтағы ағайынның қуанышы

Көптен бері бос тұрған 55 пәтерлі нысанды жеке құрылыс компаниясы күрделі жөндеуден өткізіп, заман талабына сай қайта қалпына келтірген. Қысқа уақыт ішінде жайлы баспанаға айналған ғимаратты жергілікті әкімдік 983 млн теңгеге сатып алды. Жаңа үйдің иелеріне пәтер кілтін табыстау рәсіміне арнайы келген қала әкімі Әмірхан Асанов көпшілікті қоныстой қуанышымен құттықтады.

п

«Халықтың әл-ауқатын, тұрмыстық жағдайын жақ­сарту мақсатында көп шаруа атқарылып келеді. Осы ба­ғыт­та іске асырылып жатқан «Тұрғын үй-коммуналдық инфра­құрылымды дамыту­дың 2023–2029 жылдарға арнал­ған тұжырымдамасы» негізінде өңірде жыл сайын мыңда­ған шаршы метр тұрғын үй салынып, ел игілігіне беріліп жа­тыр. Бүгін, міне, бәріміз осын­дай игі істің куәсі болып отыр­мыз. Арқалықта әлі де талай тұр­ғын үй бой көтереді. Бұл бағыт­та көптеген жоба жоспарда тұр», деді қала әкімі.

Салтанатты жиында баспана қуанышына кенелген елу бес отбасының атынан «Алтын алқа» иегері Ғалия Ысқақова сөз алып, қала басшылығы мен құрылысшыларға алғыс айтты. Қазақтың игі дәстүріне сай әжелер шашу шашып, қадірлі қария, еңбек ардагері Құлжан Сүлейменов көпшілікке ақ батасын берді.

 

Қостанай облысы 

Соңғы жаңалықтар

Болашаққа бағдарланған құжат

Реформа • Бүгін, 09:10