Аймақтар • 29 Қаңтар, 2026

Қостанайда үшем дүниеге келді

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облыстық ауруханасының перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді. Сүйінші хабарды жеткізген дәрігерлердің айтуынша, бұл – өңірде соңғы 3 жыл ішінде туған алғашқы үшем, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайда үшем дүниеге келді

Фото: Ашық дереккөз

Үшемдердің үшеуі де – қыз бала. Ал нәрестелердің анасы – 31 жаста. Қостанай ауданында тұратын Шарапиевтер отбасы үш ұл тәрбиелеп отырған. Енді, міне өсіп келе жатқан үш ұлдан кейін үш қыз бала өмірге келіп, шаңырақтары шаттыққа кенеліп жатыр.

Шымкентте үшем дүниеге келді

Жаңа туған нәрестелердің салмағы – 2300 – 2600 грамм болады. Бойлары – 49 см. Облыстық аурухана дәрігерлері үшемнің анасының денсаулығы жақсы, балалардың жағдайы қанағаттанарлық дейді.

Бұған дейін АқтөбеҚызылорда облыстарында үшем дүниеге келгенін хабарлағанбыз. 

 

Қостанай облысы

Соңғы жаңалықтар