«Біріншіден, Өскеменде болған жарылысқа қатысты таңертең қажетті тапсырмаларды бердім. Төтенше жағдайлар, Экология министрліктері, облыс әкімдігі қажетті шаралар қабылдап, маған баяндаңыздар. Мәселе менің жеке бақылауымда болады», деді Премьер-министр.
Еске салайық, бүгін Төтенше жағдайлар министрлігі Өскемендегі зауытта жарылыс болғанын хабарлады.
Кейіннен жарылыстан зардап шеккен төрт адам ауруханаға жеткізіліп, 2 адам қаза тапқаны белгілі болды.