
Аймақтар • 03 Наурыз, 2020
Қостанайда «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтініш қабылдау басталды
«Бақытты отбасы» - толық емес отбасылар мен көп балалы немесе зағип бала тәрбиелеп отырған отбасыларға арналған бағдарлама. Тұрғындардан өтініш қабылдау қалалық әкімдік жанындағы «Қостанай көмек алаңында» бүгін екінші күн жүріп жатыр.
Аймақтар • 02 Наурыз, 2020
Қостанайда шаңғышылар фестивалі өтті
«Денсаулық шаңғы жолы-2020» деп аталатын бұқаралық спорт фестивалінің алғашқы екі кезеңі бұған дейін облыстың барлық өңірінде ауылдық, аудандық, қалалық деңгейде өткен.
Спорт • 29 Ақпан, 2020
«Астана» футбол командасы Қазақстан суперкубогын жеңіп алды
Қостанайдағы «Тобыл – Аренада» өткен тартысты матчта «Астана» Қызылорданың «Қайсарын» 1 – 0 есебімен ұтып, Қазақстан футбол федерациясының суперкубогын жеңіп алды.
Руханият • 28 Ақпан, 2020
Қостанайда Алғыс айту күніне арналған салтанатты жиын өтті
Тағдыры Тобыл топырағында тоғысқан жүзден астам ұлт өкілі қатысқан мерекелік жиын барысында көпшілік қазақ халқының кеңдігі мен кішіпейілдігін суреттейтін театрландырған қойылымды тамашалады. Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов облыстық Ассамблеясының ширек ғасырлық жұмыс нәтижелері мен жетістіктеріне тоқталып, өңірдегі халықтар достығының мызғымастығы турасында сөз қозғады.
Абай • 28 Ақпан, 2020
Қостанайда «Абайдың рухани мұрасы» атты шығармашылық байқау өтті
А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеті мен облыстық Ассамблеяның Аналар кеңесі ұйымдастырған аймақтық байқауда ЖОО шәкірттерінің абайтану бағытындағы білімдері сыналды.
Аймақтар • 28 Ақпан, 2020
Көктем – 2020: Қостанай облысында су тасқынына қарсы оқу-жаттығу шаралары өтті
Үш күнге созылған оқу-жаттығу өңірдегі су тасқыны қаупі төніп тұрған аудандардың барлығында бірдей бір уақытта басталды. Әр өңірдегі тасқынға тосқын боларлық жедел қимыл жаттығуларын Қостанайда орналасқан бас штаб бақылап отырды. Іс-шараға азаматтық қорғаныс жүйесінің органдары, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиялары, апаттық-құтқару құрылымдары қатысты.
Аймақтар • 28 Ақпан, 2020
Қостанайда пара алды деген күдікпен екі полицей ұсталды
Қостанай облысында жол полициясының қызметкері мен Қостанай қаласының Полиция басқармасына қарасты Оңтүстік бөлімнің жедел кезекшісі пара алды деген күдікпен қамауға алынды.
Аймақтар • 28 Ақпан, 2020
Қашанда көгінде ән қалықтап, төрінде күй шалқыған Батпаққара өңірінде «Әр үйде – бір домбыра» деп аталатын ерекше өнер акциясы басталды. Мәдени шараның шанағына сайын даланың жұмбақ тарихын тұтас сидырып, екі ішегінен ескі заманның зарынан күй төккен қазақтың киелі қара домбырасының қадір-қасиетін қараша жұрттың қаперіне салып, ел ішінде ұлттық өнерді ұлықтауды, ауыл-ауылда дәстүрлі ән-күйді кеңінен насихаттауды көздейді. Акция Қостанай облысына қарасты Аманкелді ауданының барлық елді мекенінде жүріп жатыр. Оны аудан әкімі бастап, игі жақсылар қоштап, көпшілік қолдады.
Аймақтар • 27 Ақпан, 2020
Қостанай: 900-ге жуық бала кепілдендірілген әлеуметтік пакет алды
Бүгін Қостанай қаласының әкімдігі мен «Rauzet Сауда» серіктестігінің өкілдері көп балалы отбасыларға арналған азық-түлік және гигиеналық пакеттерді тапсырды. Кепілдендірілген әлеуметтік пакет алғандардың ішінде көп балалы Бекжановтар отбасы да бар.
Аймақтар • 27 Ақпан, 2020
Қостанай облысында 3 ірі мәдениет ошағы күрделі жөндеуден өтеді
Өткен жылы Қостанай облысы бойынша 22 ауылдық мәдениет ошағы жабылып қалған. Бұған шағын ауылдардағы тұрғындар санының кемуі себеп болып отыр.