Аймақтар • 07 Қаңтар, 2025
Жетісу өңірінде әлеуметтік сала нысандарын жаңарту, қайта салу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Жаңа облыс құрылғалы бар-жоғы үш жылға жуықтаса да, атқарылған жұмыс аса ауқымды. Соның басым бөлігі әлеуметтік салаларға бағытталған.
Аймақтар • 31 Желтоқсан, 2024
Мамания мектебінің мәртебесі көтерілді
Қазақ даласындағы алғашқы білім ордасының бірі – «Мамания» мектебінің 125 жылдығына орай «Қарағаштағы білімнің қара шаңырағы» атты облыстық байқау өтті. Ақсу жеріндегі ақыл майданына аудан-ауданнан келген білікті мамандар бақ сынады. Байқауды облыстық білім басқармасы мен аудандық білім бөлімі ұйымдастырды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2024
Жетісуда 72 кәсіпкерге заңсыз салық салынған
Жетісу облысының прокуратурасы «Заң және Тәртіп» идеологиясын бекіту аясында салық органдарының заңсыз әрекеттерінен жеке кәсіпкерлердің құқықтарын қорғады.
Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2024
Жетісуда турорталықтар бас қосты
Өңірде қысқы туризм дамып келеді. Осы ретте «VISIT ZHETYSU» туристік ақпараттық орталығы Текелі қаласы мен Ескелді ауданының туристік потенциалын арттыру мақсатында ақпараттық тур өткізді.
Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2024
Талдықорғанда жаңа аудандар жасақталады
Талдықорған қаласының тұрғындарымен кездесуінде облыс әкімі Бейбіт Исабаев облыс орталығын дамытудың негізгі бағыттарын атап көрсетті.
Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2024
Талдықорғанда үстел теннисі орталығы ашылды. Нысан жергілікті жеке кәсіпкердің қаржысына салынған. Халықаралық стандартқа сай спорт ғимараты жастарды үстел теннисіне баулып қана қоймай, шахматты да үйретеді.
Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2024
Жетісудағы тұңғыш иппотерапия орталығы
Тағдырдың тәлкегіне түскен ерекше қажеттілігі бар балаларға қолдан келгенше көмек көрсеткен абзал. Осы ретте Жаркент қаласында тұңғыш рет иппотерапия орталығы ашылды. Аталған нысанда емделушілерге атқа мінгізу арқылы ем-дом жасалады. Бұл ерекше күтімге мұқтаж жандарға жәрдем беретін бірден-бір табиғи емдеу әдісі саналады.
Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2024
Ауыл жолдарына асфальт төселді
Жол мәселесі – Жетісу өңірінде де өзекті тақырыптың бірі. Бүгінде алыс ауылдарға апаратын тас жолды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Мәселен, облыстық деңгейдегі 200 шақырымға тарта асфальт қайта жабдықталған. Жыл соңына дейін жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті автомобиль жолдарының үлесі 94% жеткізіледі деп жоспарланып отыр.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2024
Сәулетіне мазмұны сай нысандар
Шалғай ауылдардың шамын қайта жағу үшін ескі нысандарды жаңартып, қарапайым шаруаларға қолдау көрсеткен абзал. Осы мақсатта биыл өңірде ондаған әлеуметтік нысан бой көтерді. Алыстағы елді мекендерде жаңа ғимараттардың іргесі қаланды. Айталық, Қаратал ауданына қарасты Ескелді би аулында 150 орынды блок-модульдік Мәдениет үйі мен дене шынықтыру-сауықтыру кешені іске қосылды.
Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2024
Тіршілік көзі тиімді пайдаланылады
Аграрлы өңірдің даму динамикасы суға тікелей байланысты. Егін мен мал шаруашылығын сусыз елестету мүмкін емес. Бүгінде жергілікті билік іргедегі өзенді тиімді пайдалануды ойластырып жатыр. Жақында жағалауларын нығайтып, тасқынға тосқауыл қойылды. Енді электр стансаларын салуды көздеп отыр. Бұған дейін Текелі қаласында ГЭС салынса, келер жылы Ескелдіде бой көтереді.