
Саясат • 13 Шілде, 2024
Сенат депутаты Ғалиасқар Сарыбаев Талдықорған қаласында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің, Қоғамдық кеңестің өкілдерімен және мәслихат депутаттарымен кездесті. Басқосуда Сенаттың заң шығару қызметі, жергілікті депутаттармен өзара іс-қимыл, сондай-ақ өңірдегі өзекті мәселелер талқыланды.
Экология • 13 Шілде, 2024
Жетісу жерінде «Таза Қазақстан» акциясы барысы қарқынды жүріп жатыр. Тек қала халқы ғана емес, үлкенді-кішілі елді мекендер де ерінбей айналасын тазалыққа баулуда. Мәселен, Алакөлдегі шекарашылар акцияны қолдап, табиғатты қорғауға шақырды. «Табиғатты аялау – тәрбиеден» деп түйсінген жастар да өңірді қоқыстан құтқарып жатыр.
Қоғам • 12 Шілде, 2024
Ауласын гүлзар еткен тұрғындар
Қалалық жерде көпқабатты тұрғын үйлердің ауласына ойын алаңдары мен тас жолдан басқа ештеңе орналастырмайтыны белгілі. Ағаш егілуі мүмкін, болмаса ол да жоқ. Дегенмен бұл қағиданың талдықорғандық Ольга Серебренникова жоққа шығарды. Ол өзі тұратын көпқабатты үйдің ауласына 60 түрлі гүл отырғызып, шаһардың сәнін арттырып отыр. Шағын ғана ауланың шырайын келтірген тұрғынның еңбегі көпке үлгі.
Аймақтар • 11 Шілде, 2024
Облыс орталығынан шалғайда жатқан елді мекендерді сақтап қалу үшін халыққа қажетті нысандардың қаланғаны жөн. Себебі спортқа әуес балалар мен қызметке бейім жастар қатарынан қалғысы келмейді. Осы ретте Қаратал ауданына қарасты Көпбірлік аулында қос ғимарат бой көтерді. Бірі – әкімшілік болса, екіншісі – заманауи спорт кешені. Ал Ақсу ауданына қарасты Көшкентал аулында көптен күткен Мәдениет үйі ел игілігіне берілді.
Қоғам • 06 Шілде, 2024
Депутаттардың аймақтарға сапары жалғасып жатыр. Мәжіліс депутаты Руслан Қожасбаев «Аmаnаt» партиясы Жетісу облысы бойынша филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады.
Экономика • 05 Шілде, 2024
Жетісуда 9-сынып оқушысы Айсұлтан Сапиев гипстен қазаққа қажет бұйымдар жасап, саудаға шығарып жатыр. Тіпті өзімен қатар балаларды жұмыспен қамтып отыр. Тұтынушылары да аз емес.
Экология • 05 Шілде, 2024
Жетісуда «Таза Қазақстан» экоакциясы қарқынды түрде қолға алынған. Жаздың ыстығына қарамастан сала мамандары мен тұрғындар бірлесе еңбек етіп жатыр. Бүгінге дейін 154 мың жетісулық атсалысқан. Олар ауланы ғана тазартып қоймай, қала сыртындағы қоқыстарды да жинастырып, табиғатты қорғау іс-шараларын да қалыс қалдырған жоқ.
Экономика • 04 Шілде, 2024
Ұлттық экономика және өңір мүмкіндігі
Сенат депутаттары Сұлтан Дүйсембинов пен Ғалиасқар Сарыбаев Жетісу облысының Қаратал ауданының тұрғындарымен кездесу өткізіп, әлеуметтік маңызы бар бірнеше нысанда болды.
Туризм • 04 Шілде, 2024
Мемлекеттік маңызы бар «Талдықорған – Өскемен» автожолы толықтай ашылды. Бұрын әбігерге түсетін туристер мен ел тұрғындары облыс орталығынан 2-3 сағатта шипалы көлге жетіп барады. Оның үстіне биыл 300-ден аса демалыс орны қызмет көрсетуге дайын. Олардың 2 млн-ға жуық демалушыны қабылдап алуға мүмкіндігі бар. Қазір Алакөлде күн ыстық, суға шомылушылар жағалауда жүр.
Білім • 03 Шілде, 2024
Алакөл ауданына қарасты Ақши аулындағы «Жалын» және «Жансая» сауықтыру лагерьлері өз жұмысын бастады. Мұнда 300-ге тарта оқушы жазғы демалысын өткізеді. Балалар шипалы көл жағасында тынығып, білімін шыңдайды. Қос демалыс айлағы заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Балаларға арналған түрлі интеллектуалды ойындар ұйымдастырылып, денсаулығын жақсарту жұмыстары жүргізіледі.