
Мирас • 12 Қазан, 2023
Тастағы жазулар не айтқысы келеді, нені меңзейді, не білгені бар? Біз оларды неге естімейміз? Жел сайрайды, аспан күрсінеді, найзағай ойнайды, бұлт іркіледі, ал неге жартастар үнсіз? Ондағы таңбалы әріптер беймәлім әлемнің отшашуы секілді жарқ етіп, жоқ болады. Оларды уақыт өшіре алмайды, өшірсе, тек адам ғана қауқарлы. Бірақ оны түсінер де солар емес пе?
Театр • 09 Қазан, 2023
Театр өнерін түрлендірген талантты тұлға Бикен Римованың 100 жылдығына арналған «Biken» I Халықаралық фестивалі аяқталды. Бір аптаға созылған өнер бәйгесінде үздік шыққандар марапатталды. Ең ғажабы, бұдан бұлай аталған театр додасы дәстүрлі түрде өтетін болады.
Баға • 09 Қазан, 2023
Жетісу облысы: Қамыстың да құны шарықтап кетті
Шөп бағасы күннен-күнге шарықтап барады. Қараңыз, өңірде бір түк жоңышқаның бағасы 1800 теңге болса, бір орам жоңышқаның құны – 13-15 мың.
Аймақтар • 08 Қазан, 2023
Қайсар жандарға арналған кешен
Жетісуда мүмкіндігі шектеулі жандарға мүмкіндік беретін спорттық-оңалту орталығы ашылды. Тірек-қимыл жүйесі зақымданған адамдарды қалпына келтіруге жәрдемдесетін нысан халыққа тегін қызмет етеді. Ең ғажабы, соңғы үлгідегі заманауи техникамен жабдықталған. Жүздеген жанның үмітін жаққан орталықта білікті мамандар жұмыс істейді.
Құрылыс • 06 Қазан, 2023
Достық – Мойынты: Теміржол құрылысы қарқынды
Еуразия құрлығын жалғап жатқан қазақ даласындағы теміржол Қытай мен Еуропа және Орталық Азия мен Араб түбегіндегі елдердің зат тасымалындағы маңызды өткеліне айналды. Осы мүмкіндікті толық пайдалану үшін Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен өткен жылы Достық –Мойынты теміржол учаскесінде екінші жолдың құрылысы басталды. Құрылыс жұмысы Жетісу облысында қарқынды жүргізіліп жатыр.
Аймақтар • 03 Қазан, 2023
Талдықорғанның туған күнін жетісулықтар ерекше атап өтті. Ай бойы түрлі іс-шара ұйымдастырылып, «Жастар саябағына» жиналған халықтың көңілі шат болды. Әсіресе шаһар сыртындағы «Үйтас» саяжайының тұрғындары көптен бергі тілегіне жетіп мәз-мейрам. Енді олардың үйлеріне көгілдір отын келіп тұр. Шаттыққа толы сәттің шымылдығын облыс әкімі Бейбіт Исабаев көтерді. Халықпен емен-жарқын әңгіме өрбітіп, өңірдегі соңғы жаңалықтарды жеткізді.
Үкімет • 02 Қазан, 2023
Креатив индустрияның бүгіні мен болашағы
Жастардың білімін шыңдап, түрлі жобаларын жүзеге асыруға қолдау көрсетіледі. Бұл бастама Мемлекет басшысының креатив индустрияны дамыту тапсырмасы негізінде жүзеге аспақ. Жетісу облысының тұрғындарымен кездескен Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева осыған қатысты заң әзірленіп жатқанын жеткізді. Жүз мыңға жуық адам еңбек ететін салаға барынша қолайлы жағдай жасалып, дамуына жол ашылмақ.
Аймақтар • 01 Қазан, 2023
Ескелділіктердің еңсесі көтерілді
Ескелдідегі оқиға елдің есінен шыға қойған жоқ. Толассыз жауынның салдарынан сел басып, ауылдағы тұрғындар баспанасынан айырылып қалған еді. Облыс әкімдігі қарапайым халықты жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етуге уәде берген. Міне, енді тұрғындар сол шаңыраққа қоныстана бастады.
Саясат • 29 Қыркүйек, 2023
Екіжақты ықпалдастыққа ұмтылған Бразилия
Бразилия ұзақмерзімді экономикалық қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында Орталық Азия мемлекеттерімен белсенді қарым-қатынасын дамытып келеді. Әсіресе осы аймақтағы байланыстарда Қазақстанның орны бөлек. Биыл Бразилия мен мемлекетіміздің достық қарым-қатынасына 30 жыл толып отыр. Осыған орай Жетісу облысының басшылығы мен Бразилия Федеративтік Республикасы сенаторлары кездесті.
Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2023
Көксу ауданының қарекеті көңіл сүйсіндіреді. Аудан орталығында тұрғындарды көптен толғандырған газдандыру мәселесі толық шешілді. Балпық би ауылында жаңадан бой көтерген «Береке» шағын ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің дені газ желісіне қосылған. Тек Мырзабеков көшесіндегі көпқабатты 3-үйдің тұрғындары көгілдір отынды пайдалануды көптен армандап жүрген еді.