
Әдебиет • 03 Сәуір, 2023
Соғыста ақиқат жоқ, тек амбиция ғана бар. Сондықтан жеңісте тірі қалғандар ғана тойлайды. Шындығы осы. Кейде үлкен ұрыстар жаңа өмірдің бастауы секілді көрінеді, кейде жансыз денелердің ақылға таласы секілді. Бірақ бәрібір соңғы шешім ол емес. Черчилль дұрыс айтады. Жазықсыз жандардың өзгенің мүддесі үшін өлім құшуы. Ең ауыры, соғыс гүлдері жұпар иіс төкпейді.
Ғалым • 02 Сәуір, 2023
Сенесіз бе, әлемде 40 миллионға тарта көру қабілеті нашар адам өмір сүреді. Ал елімізде 160 мыңға жуық жанары қараңғы жан бар. Олардың бәрі қоғамның көмегіне зәру. Бүгінде ғалымдар бұл мәселені шешу үшін технологияға жүгінуге мәжбүр. Бұл ретте біздің өнертапқыштар да қарап отырған жоқ. Мәселен, жетісулық жас ғалымдар автономды көзілдірік ойлап тапты.
Шаруашылық • 31 Наурыз, 2023
Жетісуға көктемнің ерте келетіні белгілі. Биыл өңірде көктемгі дала жұмыстары әдеттегіден бір апта бұрын басталды. Биыл жетісулық диқандар егіс алқабын 519,1 мың гектарға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 2 мың гектарға артық.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2023
Жетісуда баспана жайы өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Былтырдан бері Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаев мыңдаған тұрғын үйдің заңсыз берілгенін мәлімдеумен келеді. Оған қоса берілген баспаналарға иелік еткен азаматтардың мәртебесі сұрыпталмай, бірнеше жылдан бері ешқандай жалгерлік қаржысы төленбеген. Қазір соған сай тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Өнер • 29 Наурыз, 2023
Ұлттық өнердің шырақшысы да, шамшырағы да – ауылдағы ағайын. Неге десеңіз, технологияға негізделген қоғамда рухани құндылықтар жағаға шыққан балықтай шеткері қалады. Ол – заңды құбылыс. Десе де Жетісуда төл өнерімізге тамызық болар шеберлік орталықтар ашылып жатыр. Соның бірі Сарқан ауданында бой көтерді.
Технология • 28 Наурыз, 2023
Әлемде ауру түрлері мен сырқаттанушылар саны жылдан жылға артып барады. Сол себепті дәрігерлердің жетіспеушілігі қатты байқалып отыр. Технология дамыған сайын адамзаттың денсаулығы күрт нашарлады. Жасыратыны жоқ, екінің біріне күтім қажет. Бұл диллеманың шешімін жетісулық жас ғалымдар тапқандай. Енді науқастың жай-күйін Med-Bot робот бақылайды.
Кәсіпкер • 28 Наурыз, 2023
Кәсіптің көзін табу оңай емес, әсіресе қыз-келіншектерге. Ал енді көпбалалы ана болсаңыз, отбасымен қатар бизнесті алып жүру, тіпті қиын. Әйтсе де бұл аксиома жетісулық әйелдерге жүрмейді. Бірі кұрақ көрпе тіксе, бірі сүт пен қаймағын сатып пайда табуда. Ал енді бірі жылыжайын иран баққа айналдырып, көктемнің алғашқы мерекесінде аруларға қуаныш сыйлап жүр. Көпбалалы кәсіпкер ана Балжан Нүсіп бау-бақшасын гүлге толтырып, ауылда отырып-ақ кәсібін дөңгелетіп отыр.
Балалар • 27 Наурыз, 2023
Еріктілердің ерекше балаларға көмегі
Есту қабілеті нашар балаларға ағылшын тілін үйрету үлкен парасаттың белгісі. Сол арқылы айтарлықтай жетістіктерге жетуге де болады. Бұған Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің жас еріктілерінің тәжірибесі дәлел.
Аймақтар • 27 Наурыз, 2023
Тұрғындардың тілегі орындалады
Кербұлақтағы тасжол, Ескелдідегі ауыз су мәселелері мен Талдықорғандағы тұрғын үйлердің сапасыздығы жетісулықтардың шыдамын тауысқалы қашан? Соны кеше жиылған халық ресми іссапармен келген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевқа да айтты. Тұрғындардың тілегін қалт жібермей тыңдаған сала басшысы, аталған проблемаларды оңды шешілуін қадағалайтынын жеткізді.
Экология • 21 Наурыз, 2023
Жетісудың қай қырын суреттесеңіз де, қисса шерткен қариядай тебіренесіз. Әсіресе жер жібіп, күн мерейін төге бастаған шақта бұлақ біткен екпіндей тасып, көңіл арбайды. Көктемнің келгенін әуелі солар сезетіндей. «Дария басы – бұлақ» деп түйсінген халық, көзін ашып, шөлін басып, жолға салады. Бұл – сол маңайдағы ағайынның әдеткі тірлігі.