
Қоғам • 13 Шілде, 2022
Адамның шыққан тегі қандай екенін шежіреге сүйеніп бағдарлайтын қазақтың танымы тереңде. Біз өткенімізді білмей, болашағымызды болжай алмаймыз. Осыны ескерсек, бір әулет бүтін Отанның бір бөлшегі болып шығады. Оған Талдықорған мемлекеттік архивінде өткен «Атадан қалған асыл мұра» атты отбасылық қордың ашылуында көз жеткіздік. Аталған қорға «Андас» әулетінің құнды заттары табысталды.
Өнер • 13 Шілде, 2022
Күннің алтын сәулесіне шомылған мамыражай тірліктің сұлбасы сұлудың жан толқытар сөзіндей көңілге нәр береді. Ару табиғаттың көз суырар әсемдігі суретшіні айналып өтуі мүмкін емес. Ымырт ұялап, ұзатылар қыздың сәукелесіндей желбіреген күннің шапағы Тәңір жазған картинадай ғажайыпқа толы. Таудың иығына сүйеніп барып қалың ұйқыға бататын тіршіліктің тамыры содан қуат алып жатқандай.
Медицина • 12 Шілде, 2022
Үш балаға күрделі операция жасады
Талдықорғандағы көпсалалы облыстық ауруханада танымал хирург Нұрлан Арын «өкпе мен бауырдың эхинококкозы және колостома, тоқ ішек анастомозы» диагнозы анықталған үш балаға операция жасады.
Аймақтар • 12 Шілде, 2022
Үшарал әуежайының ауқымы кеңейеді
Мәжіліс депутаттары Данияр Әлімбаев пен Әлия Әбсеметова Жетісу облысына сапары барысында Алакөл ауданындағы кәсіпкерлік және туризм саласының өкілдерімен кездесті.
Өнер • 11 Шілде, 2022
«Алтын адам» Жетісу шеберлер орталығы» қоғамдық бірлестігі Текелі қаласындағы Орталық Азия университетінің ғимаратынан мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оқыту орталығын ашты. Оны «Мамания» шеберлік орталығы деп атады.
Өнер • 11 Шілде, 2022
Ғұмыр қиссаңыз алқұлым шақта қамсау қараңғылыққа әкеліп тіресе қайтесіз!? Жарық дүниеде жұлдызыңыз жанторсықтай жаныңыздан қалмағанымен түптін-түбі бақтың сізді айналып өтерін сезсеңізші. Ең соңында тағдырдың тарғалаңымен онаша қалу тозақпен бетпе-бет келгенмен бірдей емес пе? Қабірін өзі қазған пендедей әлдебір үрей дедектетіп ала жөнеледі. Тек сондайда Тәңірдің түстеп берген өміріне өкпе арта көрмеңіз. Аңылжыған бос кеңістік тастай қараңғы кейіпке енсе де жүректегі сәулеңізді сөндірмеңіз.
Аймақтар • 10 Шілде, 2022
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Ақсу ауданына іссапармен барды. Ол аудандағы өнеркәсіп және ауылшаруашылық құрылымдарын аралап, жаңа салынып жатқан әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты. Егістік алқаптарын да аралады. Ирригациялық жүйелердің құрылысын көріп, мүмкіндігіне назар аударды.
Өнер • 07 Шілде, 2022
Көркемөнерде әрбір деталь үлкен мағынамен шектесіп жатады. Көкірекке тұнған көркем ой тазалыққа іңкәрлік танытқан шақтан бастап, салалы саусаққа сіңген құдіретті оятады. Жанға тылсым күш, ыстық қайрат, бұла сезім құятын дәруменнің түпбастауы сол. Ып-ыстық иіріміне тартып ала жөнелер сыршыл бояулар жүрекке жол төсеген сәтте басқа кеңістіктен пана іздейсіз.
Елорда • 05 Шілде, 2022
Батыс елдері ата тарихын ұмытпау үшін архив қоймаларында қордаланып жатқан құжаттарды өңдеп, тіпті сонымен айналысатын ғылыми орталық та ашқан екен. Шежірелі деректердің институтына айналған сондай мекемелер ұлттың рухани игілігіне айналып отыр. Әрине, бабалар аманатына атүсті қарауға болмайды. Бұл салада біздің ауызтолтырып айтар әңгімеміз аз емес. Мемлекет құнды құжаттарды қайта қалпына келтіру үшін шама-шарқынша қам-қарекет жасауда. Мұның ұшар басында Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік архиві тұр.
Өнер • 05 Шілде, 2022
Бозарған түн. Боз үміт. Балауса таң
Біздің жұрт бүгінге дейін өкіре жылап, өкси жоқтап жүрген байырғы ән әлемі анау-мынау пәлекеттен ада еді. Бүгінгі бәлду-бәлду әуендер мен бәкін-шүкін музыкалармен шытырманы, шатағы жоқ. Көнеусіз айғай, тежеусіз дабырамен де. Оңай жазылған, оңай тыңдалады. Жазығы сол, қалай айтылса да қайтып келмес кеңестік өнер жүйесіне қатысы болғаны. Ескі ертегіні жаңа заманға бұйдалап әкелгенімен оқиға желісі оқшауланып тұрады екен ғой. Оның үстіне онда қарапайым қазақтың зердесі мен жастық шағының бояуы болса, алыстан-ақ танисыз.