
Таным • 09 Ақпан, 2022
Француз королі Людовик XIV өз дәуірінің басты трендсекторы болған деседі. Енді былай қарасаңыз он жасар бала ғой, бірақ ойына келгенін істегенін естіп, аздап тіліңіз қышиды екен. Ұлы державаның заңды мұрагері болсақ, біз де сөйтер ме едік… Кім білсін!?
Әдебиет • 08 Ақпан, 2022
Қан кешкен қарт тарихтың жүрегінен төгіліп түскен осынау жауһар дүние өз шалқарына батырып ала жөнелді. Дарқан даланы даңқ-дақпыртымен тербеген баһадүр бабамыздың асқақ тұрпаты, болмысы мен ерлік қиссасы – ұлт тарихының тамырлы тармағы емес пе?! Оның рухы қаншама жанның кеудесінде лапылдап жанды екен?!
Өнер • 07 Ақпан, 2022
Өмірде алғашқы қадамдардың бәрі сәттілікке бастай бермейді. Әйтсе де адам санасында сол адым мәңгілік сақталып қалатыны қызық. Жазушының тұңғыш шығармасындай, ақынның алғашқы өлеңіндей… Албырт сезімнің жұпары аңқып тұрады. Құдды бозбаланың ай астындағы алғашқы сүйісі секілді…
Қоғам • 07 Ақпан, 2022
Әрбір нажағайдың жарқылы ақынның жүрегінен өтетінін Гете ертеректе болжаған. Әрі сол ойы ақиқатпен астасарын білген де шығар, жарықтық! Әйтпесе дәл осы сезімді қазақтың ғажайып ақыны Жұмекен Нәжімеденов қыл бұрауын келтіре жырламас па еді, тәйірі. Есіңізге түссе, «Көк дарбаза алдындағы қарт» деген өлеңінде өткен-кеткеннің бәрінен сәлем күтетін қарияның бейнесі көз алдыңызға келуі тиіс. Ойлап көріңізші, жұрттың бәрін өзіндей аңқылдақ, өзіндей ақжайнақ көретін ауыл қазағының сәлемі қандай болуы керек еді? Оның қайтарымы ше?
Өнер • 06 Ақпан, 2022
Елсіз, жым-жырт бос жатқан биші бақ. Қадау-қадау қылқиған қайыңдар. Күн көрпесін үстіне тартып, қоңыр күздің бейбіт ұйқыға бой ұсынған кезі. Жерге оюлы көрпедей төселген майда жапырақтар бейуақ сәттің тылсым кейпіне үйлесіп, жел шырқаған жаяуқоңыр әуенге елітеді. Табиғат уысындағы тыныштық қандай тәтті еді!
Өнер • 02 Ақпан, 2022
Құдай берген өнердің төркінін, тегін сұрап қайтеміз. Оның үстіне өнер ұлт таңдамайды. Градский қайтқанда, оның «Как молоды мы были» деп ән айтып тұрған бейнесі қарашығымызға қоныстанып алды. «Ресей дауысы» ұлттық байқауын тамашалап отырып, оның талғамына, музыканы түсінуіне, нотаны дөп тануына, жалпы ішкі әлеміне қайран қалушы едік. Ажалына да дәл солай таңғалдық. Айқайлағанның бәріне бұрала бермейтін ақсүйек әнші эстраданың шыңы еді. Қош, маэстро!
Өнер • 01 Ақпан, 2022
Көкіректе арман көп, қайсыбірін айтып тауысасыз. Әуелден белгілі әке біткен перзентінен жақсылық күтіп, дүниеге сәби көзімен қарайтын әдеті. Бұл – шынында даналыққа бастайтын дәстүр. Мәселен, ұлы сақ патшайымының есімі қазақ үшін ерліктің һәм парасаттың аккумуляторы секілді. Ата-ананың жаны езілгенде содан қуат алады.
Өнер • 31 Қаңтар, 2022
«Өмірде алыс, Өлеңде жақын жанбыз» деп тебірене жырлаған ақын Қалқаман Сариннің өлеңінен туған картина секілді көрінеді көзге. Біз алғаш тамашалағанда қаламгердің сол жырын іштей қайталадық. Кенеп бетіндегі арудың жүзінен төгілген мейірім өзіне қарай тартады да тұрады. Бір сағыныштың шыр көбелек айналып жүргені анық.
Қазақстан • 31 Қаңтар, 2022
Архив саласына атүсті қарауға болмайды. Себебі рухани жаңғырудың бастауы сол жерден таған тартады. Сондықтан тарихи деректерді барынша мұқият сақтап, қолды болуына жол бермеуіміз қажет. Бұл ретте «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының маңызы зор. Бүгінде елдегі архив мекемелері заманға сай RFID жүйесін іске қосып, құнды құжаттарды қадағалап отыр.
Әдебиет • 30 Қаңтар, 2022
Қазақ бейнелеу өнері қалыпқа сыймайды. Даланың тілін меңгерген данагөй жұрттың рухани кеңістігіне дүрбі салсаңыз тағдыр түсінің сан тараулы екенін ұғасыз. Сол таңбалы түстер кенеп бетіне бірде шашырай, бірде қатарлай түскенде палитрадағы көріністер көркем ойдың көшін бастайды. Дәл анау картинадағы алуан-алуан арманынан гүлдесте тоқып алған арудай…