Елорда • 04 Шілде, 2022

Астананың фото айшықтары

601 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа тарихтың алғашқы бетінде әсем астанамыздың суреті тұруы заңды. Егемендікке қол жет­кізгелі бері елордамыз тотыдай түрленіп, алып шаһарға айналды. Бүгінде тәуелсіздігіміздің қол­таңбасындай көңілге жылу құяды. Алғашқы кірпіші қаланған сәттен бастап, қазірге дейінгі да­му бағдары фотоқұжат ретінде сақ­талып келеді. Бұған «Қала та­ри­хы астаналық архивтің фото­құ­­жаттарында» көрмесінде көз жеткіздік.

Астананың фото айшықтары

Аталған шараға ұйытқы болған – қала архиві мен Президент архиві. Қос мекеме бірлесіп құнды құжаттар мен тарихи фотосуреттерді көпшілікке ұсынды. Қала хронологиясынан сыр шертетін шежірелі деректер жиылған қауымның ыстық ықыласына ие болды.

Көрме барысында Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік архиві мен Президент архиві арнайы дайындаған «История столицы независимого Казах­стана в архивных документах» құжаттар жинағының тұсаукесер рәсімі өтті. Жинақта ел астанасының Алматыдан Ақмолаға көшірілу науқаны, оның мемлекеттің басты саяси орталығы ретінде қалыптасу кезеңі көрсетілген. Сондай-ақ Президент архивінің, Ұлт­тық архивтің, Нұр-Сұлтан қаласы мем­лекеттік архивінің және Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар және дыбыс жазбалары архивінің құжаттары жинақталған.

Ашылу салтанатында сөз алған Пре­зидент архивінің директоры Әлия Мұс­тафина бұл басылымда елорданы көшіру кезіндегі жүзеге асырылған ауқымды жобалардың нәтижелері мен Ақмола қаласының тарихына қатысты нақты деректердің мол екенін атап өтті. Әрі осы жиынды өткізуге бірлесіп атсалысқан қалалық архив ұжымына алғысын білдірді.

Көрмеге қатысушылар 1832 жылы Ақмола округтік бұйрығы шыққаннан ба­с­тап қазіргі Қазақстан астанасының бү­гінге дейінгі тарихымен таныс­ты. Іс-ша­ра Астана күніне орай ұйым­дас­тырылды.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25