
Руханият • 23 Қараша, 2021
Қасы да керік, қара алмас көзді, ай қабақ, Мойныңа жұқа алқызыл шарф байлап ап, Алаулап жүзің аса бір асқақ нұрменен, Алыстан тұрдың көз қарасыңмен аймалап. Қазір оқығандарыңыз жарықтық Жұматай Жақыпбаевтың жұрт жатқа айтып жүрген жыры. Иә-иә, меңді сұлу Ләйләға арналған. Шіркін-ақ дерсіз... Бірақ біз бүгін Ләйлә жайлы емес, Ләйлә таққан алқызыл шарф туралы айтқымыз келеді. Сұлудың сұңғақ мойнына оралған түрлі-түсті лентадай құлпырған матада несі бар екен ақынның...
Өнер • 23 Қараша, 2021
Сыралғы сусын жайында сөз іліксе алдымен әжелеріміздің тобылғымен торсығын ыстап, сүр жаяның, қазының сынық сүйегін салып ашытқан сары қымызы менмұндалайтындай. Саба толы қымызды сапыра шайқап, сәске ауса да сораптап отыратын сәт көз алдыңа келеді. Ұлысты ұлтымыздың осы бір қуатты дәмге құмарлығы көпті сүйсінтеді. Бірақ дейміз-ау, оны өзге ұлт өкілдері де мұнша әспеттеп, қадір тұтатынын енді аңдап отырмыз.
Өнер • 23 Қараша, 2021
Құлақтан кірген құдіретті музыка туындылары денені шымырлатып, алпыс екі тамырға рух жүгірткендей тебіренесің. Ұлт аспаптарының шертолғақ шанағынан шымыр-шымыр ноталар түлегенде ат тұяғынан сүрдекке айналған жолда жортуылда күн кешкен ұлы бабалардың мұрат-мақсаты мен асқақ арманы болған бүгінгі берекелі шақта бесік тербеткен қазақ ұлтының тектілігі қылаң береді. Міне, осындай сан толқынысқа жетелеген белгілі әнші, Қазақконцерт солисі Ерболат Шалдыбековтің «Төгейін жырды халқыма» атты жаңа концертінің куәсі болдық.
Өнер • 22 Қараша, 2021
Құрметті оқырман, мақаламызды оқымас бұрын, композитор Евгений Крылатовтың «Қанатты әткеншек» (Крылатые качели) әнін бір тыңдап алуларыңызды сұраймыз. Бұл музыка сіз бен біздің балалығымыз туралы. Пионерден Ұланға дейінгі қазақ баласының қиялын қияға алып ұшқан қылаусыз шақтың қар мен жаңбыры, жапырағы мен топырағы, жусаны мен кемпірқосағы бар. Ешқашан ескірмейтін әуен. Оның құдіреті ақын Юрий Энтиннің өлеңінде емес, сол дәуірдің тәтті сәттерін лупамен көрсеткендей көңілді қайта тербеуінде. Нәп-нәзік ностальгия дерсіз.
Өнер • 18 Қараша, 2021
Дастарқан үстінде алқызыл гүл, жеміс-жидек, құс қауырсыны тұрса, жазушының жұмыс істейтін орны, болмаса қонақ күткен үйдің эскизі елестейді. Осы үш детальды ілікке алған суретші шығармасының жанры натюрморт екенін аңдау оп-оңай. Себебін кенеп бетіндегі ашық бояулардың өзі-ақ баяндап тұрғандай.
Руханият • 17 Қараша, 2021
Нұр-Cұлтан қаласының Мемлекеттік архиві Атырау облысының Мемлекеттік архивімен бірлесіп, «Атырау Тәуелсіздік жылдарында» атты жылжымалы көрмесін ұйымдастырды. Оның арты «Елорда архивінің фотоқұжаттарындағы қала тарихы» атты бірлескен іс-шараға жалғасты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 17 Қараша, 2021
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» тақырыбымен онлайн форматта өткен республикалық байқау мәресіне жетті.
Өнер • 15 Қараша, 2021
Халің қалай, қазақ анимациясы?
Жапон халқы анимацияны салт-дәстүрін насихаттауға арнаса, америкалықтар жекелеген ғылыми пәндерді осы әдісті қолдану арқылы оқытады екен.
Өнер • 12 Қараша, 2021
Апорт десе Алматы, Алматы десе апорт еске түсетіндіктен бе, тақырыпты картинаның атауымен қалдыруды жөн санадық. Осы тәп-тәтті жеміс жайлы әңгіме өрби қалса, ақын Есенқұл Жақыпбековтің «Гүлдәуренмен кездесу» атты өлеңі еріксіз ойға оралады. Әсіресе, Сәрсенбайдың бақшасына алма ұрлауға шыққан ауыл бұзықтарының әрекеті күлкіге көмеді. Құдды, артыңызға қарасаңыз, сол аяулы сәттер қол бұлғап тұрғандай болады.
Өнер • 10 Қараша, 2021
Қалай десеңіз де, қазақ даласын шарлаған адам не суретші, не ақын болатыны анық. Олай болмаған жағдайда да, аузынан суы ағып, азанға дейін әңгімелер еді. Этнограф ғалым Григорий Потанин: «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай болады», деп тегіннен-тегін айтпаса керек. Жер жүзін аралаған ойшыл орыстың осыншама тамсануының астарында үлкен махаббат жатқаны анық.