
Руханият • 09 Наурыз, 2021
Жо-жоқ, бұл мақаланы жазуға көктемнің түк қатысы жоқ. Әйтсе де әңгіме ауаны сұлулық символына айналған Мэрилин Монро жайлы. Бірақ біз әртіс хақында ғана емес, әйел затының әдемілігі турасында сөйлескіміз келеді. Әрине, парасат биігінде. Солай дегеннің өзінде, тіпті сіз ойлағандай сұлулыққа қойылар талап өзгергенімен әдемілікке келгенде әйгілі әртістен айналып кете алмасымызды түсіндік.
Руханият • 05 Наурыз, 2021
Сұлулыққа мұнша құштар болармысың, дүние! Орыс қызының теңіз жанары тағы да алдымыздан шықты. Көңілге іңкәр бейнесі күлімсіреп қарап тұр. Маған, сізге, оған... бәрімізге бірдей көзқараста. Оның келбетіне ұзақ үңілген сайын қымсынамыз. Құдды, өзіне сонша сүйсінгенімізге өкпелейтіндей.
Руханият • 04 Наурыз, 2021
Ақ халаттылардың абзал бейнесі
Жаһандық індетпен жан ұшыра алысқан ақ халатты абзал жандарға қандай құрмет көрсетсе де лайықты. Ауыр дертпен арпалысқан дәрігерлердің құрметіне орай Ұлттық музейде «Жақсы дәрігер» атты фотокөрменің ашылу салтанаты мен «Батырлар өз ортамызда» кітабының /white book/ тұсаукесер рәсімі өтті.
Елбасы • 02 Наурыз, 2021
Тәуелсіздікті әркім әртүрлі түсінеді. Бірі оны – ар мен ождан айқасы десе, бірі Тәңірден келген тәтті сыйға балайды. Әрине, алғашқы теңеудің артық-кемі жоқ. Ал екіншісі көңілдің желімен айтылған лала лебіздей көрінеді кейде.
Өнер • 01 Наурыз, 2021
Алдияр оқырман, алдымен «Синяя вечность» әнін қосыңызшы, сосын барып біз айтар сөз желісіне ілесуіңізді сұраймыз
Тарих • 25 Ақпан, 2021
XVIII ғасырда француз әскерінде қара киізден жасалған бас киім кию сәнге айналды. Сол тұста шеттері жоғары бүгілген дөңгелек пішінді қалпақтар Еуропаны дүр сілкінткен сарбаздарды ерекшелендіріп тұрды. Алайда уақыт империя тарихының бүкіл кезеңін тек бір бас киіммен бейнеленеді. Ол атақты Наполеонның «кішкентай шляпасы» еді.
Тарих • 24 Ақпан, 2021
Екі ел арасындағы мәдени байланыс
Нұр-Сұлтан қалалық мемлекеттік архиві екі ел арасындағы мәдени байланыстың маңыздылығын арттыру мақсатында Ресей Федерациясы Ульянов облысының жаңа тарихы мемлекеттік архивімен өзара әріптестік туралы келісімге қол қойды, деп жазады Egemen.kz
Өнер • 23 Ақпан, 2021
Кеңестік идеологияның кеудесіне шоқ басқандай «Әлихан» деп атапты ата-анасы. Ойын баласының сары сотанақтарды тәртіпке салуының мәні осында жатқандай. Алаш көсемінің есімін атау сол тұста империяның ережесіне қайшы келетін. Әйтсе де осы есімде ерекше құт бар дескен. Жаңылыспапты. Бүгінде театр өз алдына, қазақ киносында әженің образын көркем сомдап жүрген кербез кейіпкердің бірегейі. Тіпті ел арасында «Тракторшының апасы» да атанып кетті. Осы орайда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлихан Ыдырышеваның жансарайына үңіліп көрген едік.
Өнер • 23 Ақпан, 2021
Адамның бет-ажары – оқи білген адамға сырға толы көне кітап тәрізді. Қарсы алдыңда отырған жанның жанарына үңілген сайын жұмбақ бір әлемге енгендей боласың. Кісінің қарашығынан қиялға шомғанын, қияға көз тастағанын, қимасынан айырылғанын айыру оңай. Көзқарасына қоныстанған құпиялар маңдайындағы тағдырдың мәні мен мазмұнындай көрінеді. Жазмышқа мойынсынған пенде ғұмыры не деген аянышты еді.
Өнер • 23 Ақпан, 2021
Аспан мен жерді байланыстырып тұрған не? Ауа ма, әлде ғаламшардың магниттік өрісі ме? Бала көңілінде гүлдеген әрбір ойдың түбіне үңілсеңіз үлкен мағына жатқандай. Содан ба, әлем балдырғандардың көзімен қарағанда ғана әдемі һәм шым-шытырыққа толы. Танымал суретші Төлеубек Мұқашевтің «Балалық шаққа саяхат» атты жеке көрмесіне барғанда, сан түрлі толғаныс санамызда бүрледі. Кенет балдәурен шаққа қайта сапар шеккендей болдық.