Taza.kz
Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
1062 материал табылды

Өнер • 29 Шілде, 2021

Суретші саясаткер

Уинстон Черчилльдің қылығын айтып бір, қайсар­лығын айтып екі қайран қаламыз. Даңқты тұлға дәуірден көшсе де, тарих тұғырынан тайған жоқ. Қайта есті естелік­терімен елдің назарын әлі де өзіне аударып келеді. Айта берсең, қызық енді.

Өнер • 29 Шілде, 2021

Қайта оралған қолжазбалар

Ұйқыдағы әлем әдебиеті орнынан бір аунап тұрған шығар. Неге десеңіз, даңқты Дантенің қолжазбалары табылды. Ендігі жерде әдебиетшілердің ермегі сол болмақ. Қазақтың әдеби кеңістігіне ақиық ақын Мұқағали Мақатаев арқылы жол салған «Құдіретті комедияның» иесі тоғыз жүзжылдықты төбесінен аунатып, дүниеге қайта дүмпу салды. Баға жетпес мұра  – XIII ғасырдың еншісі. Ал оны тапқан Флоренция тақуа әйел Джулия Болтон Холлоуэй екен. Ең ғажабы сол, бұл данышпан ақынның мектеп қабырғасында жазған еңбектері көрінеді.

Өнер • 28 Шілде, 2021

Тәуелсіздік түлеткен театр

Тәуелсіздік жайлы қалай толғансаңыз да тартымды. Әсіресе үшінші онжылдықты басынан аунатқан мемлекетіміздің жетістігі көп болған соң, желпініп сөйлеуге болады. Тек қазақ қана емес, басқа ұлт өкілдері де бізбен бірге марқайып, бір шаңырақ астында қуанышымызға ортақтасуда. Осы ретте Наталия Сац атындағы Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер орыс театрының әртістері «Egemen Qazaqstan» газетінің оқырмандарымен өздерінің актерлік тағдырының ел тағдырымен тоғысқаны жайлы сыр бөлісті.

Өнер • 28 Шілде, 2021

Мүсіншілер мұңы

Ескерткіш – тұлғаның көшірмесі емес, ғизатты ғұмырының жиынтығы. Онда мінез болмаса, «шынайы өнер» деп бағалағанымыздың шимайдан еш айырмашылығы жоқ. Неге біздің елдегі монументтік өнер құрылыстарының формасы біркелкі. Бұл қоғамның әлі де таптаурын түсініктен ажырамағанын айғақтайды.

Өнер • 25 Шілде, 2021

Таңғажайып тас мүсін

Қостанай облысы тарихи-өлкетану музейінде пикетаж әдісін қолдану арқылы тегістеліп жасалған атақты мүсін бар. Ол 1976 жылы Тобыл өзенінің оң жағасынан табылған. Жалаңаш күйде аспанға қарап отырған адамның бейнесі археологтерді таңғалдырған. Оны қала маңында орналасқан «Мичурин» ауылының механизаторы шаруашылықтың орталық мекенінен оңтүстік-батысқа қарай екі шақырым жерде бульдозермен жер жырту кезінде қазылған дөңес жерден тапқан екен.

Медицина • 22 Шілде, 2021

Ауру айтып келмейді

Індетті ауыздықтаудың ендігі жолы – екпе. Дерт алдында дәрменсіздік танытсаңыз, дер кезінде амал жасамаған өзіңіз кінәлісіз. Карантиндік талаптардан қайыр жоқ екенін ұқтық. Себебі халық тіршіліктен қол үзе алмайды. Бұл – қоғамның вирусқа бейжай қарайтынынан емес, күйбең тірліктен қалыс қала алмайтынының дәлелі. Сондықтан отбасы болып, ұжым болып вакцина салуға асыққан жөн.

Өнер • 21 Шілде, 2021

Сахнаның Сағындығы

Көмескі-ау деген сондай бір қағаберіс қалтарыстарға әлсін үңіліп, әр кезде оған жақын жүргендер жадысын қайта жаңғыртып, азаматтық ой-пікірлерді толықтыра түсу, біздіңше, ұрпаққа өнеге үшін қажет. Неге өнеге үшін? Дәл осы сөзге мән беріп отыру себебіміз неде? 

Өнер • 21 Шілде, 2021

Рухияны Димаштың жанкүйерлері демеді

«Славян базары-2021» байқауының жеңімпазы Рухия Бай­дүкенова елге оралды. Халықаралық өнер фестивалінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған өнер иесін көпшілік ыстық ықыласпен қарсы алды. Жеңісті сәттің желпінісі басылмай жатып, ақпарат өкілдеріне ашық сұхбат берген әншінің қуанышында шек жоқ. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингтің біз де куәгері болдық.

Саясат • 20 Шілде, 2021

Мәдени байланыстың маңызы зор

Мәдени ынтымақтастықтың мәні зор. Мұнда ел мен елді, жер мен жерді байланыстырып тұратын ұлы күш бар. Ұлттың рухани түлеуіне өзге ұлттың да септігі тиетіні, бір-біріне ықпал ететіні белгілі. Оған Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың Беларусь Республикасының Мәдениет министрі Анатолий Маркевичпен кездесу сәтінде тағы бір мәрте көзіміз жетті.

Руханият • 11 Шілде, 2021

Бір минут үнсіздік

Ең ұлы үнсіздікті уақыт таразысы теңшей алмайды. Сағат тіліңдегі тыныштықтың салмағы ауыр, жанды тұңғиыққа тартады да тұрады. Үнсіздік ішіндегі көңілдің халі астан-кес­тен. Сондықтан бөтен ойдың көлеңкесін саялаған адамның әлсіздігінен қорқасың. Онда сатқындық бар, сенім жоқ. Шынымды айтайын ба? Мына қоғамның үнсіздігі қалжыратты. Жігерімді жұтып қоярдай. Қалай ойлайсыз, қазақ даласынан өткен алыптардың әрқайсысын жеке-жеке еске алсақ, отыз жасар мемлекеттің төзімі жете қоя ма? Тағы да бір минут үнсіздік! Тіршіліктің тамырын ұстап көріңізші, соғып тұр ма екен?

Яндекс.Метрика