
Өнер • 18 Қыркүйек, 2020
Ұлттық музейде «Өнер төресі» атты музей қорынан жинақталған сәндік-қолданбалы өнер көрмесі ашылды. Көрменің мақсаты көпғасырлық ұлттық тәжірибемен байыған қазақстандық сәндік-қолданбалы өнерді насихаттауға негізделген.
Сұхбат • 18 Қыркүйек, 2020
Баянғали Әлімжанов: Арқама қанат біткендей болды...
Түркі әлемінің рухани әлеміне бойлаған жауһар туындыларының ішінде «Манас» жыры көне дәуірдің даңқты шежіресі есебінде құнды. Ғаламат ғасырлар аунап, зұлмат замандар алмасса да, көктен түскен сәуледей жарқырап, маңдайға біткен бақтай көкірек көмбемізде қатталып қалды. Содан да болар, қазақ халқының жасампаз жырға деген құрметі бөлек. Оған бір дәлел – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Саяқбай манасшы» медалінің иегері Баянғали Әлімжановтың алпыс жылдан кейін әйгілі эпосты қайта қазақша сөйлетуі. Жақында Халықаралық Түркі академиясы үлкен кітап етіп басып шығарған, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтің алғысөзімен ашылған «Манас» жырының қазақша жаңа кітабы елеулі рухани оқиға болып отыр. Бұл тек қана жырдың таза аудармасы емес, көптеген нұсқасын саралап, шығармашылықпен теріп алған өзгеше дүние деуге болады. Ақжолтай жаңалықты алдияр оқырманмен бөлісу үшін арнайы редакциямызға ат басын бұрған ағамызбен емен-жарқын әңгімелескен едік.
Руханият • 17 Қыркүйек, 2020
Жеті жасында жүйрік жүгендеген
Тұлпарды тұрысынан танитын халқымыздың тағдыр-тәлейі атпен біте қайнасып жатыр. Бәсірелі бәсекеде көмбеден келер жүйрікке алғашқы айналымнан-ақ айдар тағып қоятыны сол. Қалай десеңіз де халқымыздың қанына сіңген қасиет қазанаттың дүбірінде тұрғандай. Өзі құралыптас балалар ағаш атпен алысып жүргенде күліктің күрең жалына жабысып, қариялардың көзқуанышына айналған жеті жастағы бала – бүгінде жалы биік азамат. Атбегі Дәулет Бейісбаев десеңіз, ат баптап жүрген шабандоздар өре түрегеледі. Қаламды да жанына серік еткен жас жігіттің өнерде де, өмірде де алар орны ерек.
Руханият • 15 Қыркүйек, 2020
Ұлт мәдениетінің эстетикалық мәнін айшықтайтын қазақтың ою-өрнегі. Талайғы тарихтың таралғысы тұтаса келіп текемет бетіне жайғасқанда, жүрек көзеңізді біреу қайта шайқап жібергендей күй кешесіз. Жаныңызды балқытып, ілкі заманның шежіресін шерткендей болады. Қанша ғасыр аунаса да ұлттық санамызбен біте қайнасып кеткен нақышты ою-өрнектер баба дәстүрінің балталаса бұзылмайтын бөлшегі.
Руханият • 14 Қыркүйек, 2020
Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақ мәдениет ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Андрей Хазбулатовтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Жиында көне Түркістанның Күлтөбе қалашығын зерттеу кезіндегі тың жаңалықтар мен оларды зерделеу жолдары туралы айтылды.
Қаржы • 14 Қыркүйек, 2020
Мемлекеттік сатып алу шеңберінде 2018 жылы 52,1 мың кәсіпкер бюджеттен 3 942,5 млрд теңге көлемінде ақшалай қаражат алған. Қатысушыларды салықтық әкімшілендіру нәтижесінде бюджетке 4,8 млрд теңге сомасында қосымша салық түсімі қамтамасыз етілді. Қазір 2019-2020 жылдары әкімшілендіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Экономика • 14 Қыркүйек, 2020
Мемлекет-жекеменшік әріптестігінің маңызы зор
Тәуелсіздікке қол жеткізгелі Қазақстан өзінің құқықтық кеңістігін қалыптастыруды қолға алды. Алғаш қабылданған заңнамалық актілердің бірі 1991 жылғы 23 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы концессиялар туралы» заңы болды. Мемлекет бұл заңды қабылдай отырып, мемлекет-жекеменшік әріптестігі саласындағы құқықтық қатынастарды реттеудің маңыздылығын көрсетті.
Қоғам • 11 Қыркүйек, 2020
«Алтын тақпадым» деп жатып кеп өкпеледі орта бойлы келіншек. Шамасы әулеттің «генерал» келіндерінің бірі болуы керек. Аш бүйірін таянған қалпы табан астынан бәле іздеуге бейіл тұр. Жаңа құдалардың алып келген кәдесыйынан күміс қана бұйырғанына бүйі тигендей бүрісті де қалды. Өрісім кеңейеді емес, ұяттан өлдім-ау деген әнтек ойдың жетегіне еріп, әбігерге түсуде. Ағайынның алдында азар да безер. Өлтірісін өндіріп әкелмеген болашақ құдалардың қылығына күйіп-пісіп барады.
Қоғам • 10 Қыркүйек, 2020
Ұлан-байтақ Ұлы дала байырғы ұлыстың өз уысында қалды. Буалдыр-буалдыр бодандық тұманы айықты. Азаттықтың торсықтай алтын шекесі жарқырады. Сонда біз Алаштың алып даласы аяғымыздың астында дүр-дүр етіп сілкініп тұрғандай күй кештік. Жалын ұстағандай ысыдық, күйдік. Тасыдық – толдық, толқыдық – телегейлендік, жайылып жайқын тарттық. Көз алдымызда бабадан мирас байтақ Тұран даласы абадан ұлдың әлпеті сынды лап ете қалды, түлеп салды. Сөйтіп қайсар қазақ тағы да төрткілдеп ошақ қаздырып, төбел бие сойдырып, төріне сойын оздырды.
Туризм • 08 Қыркүйек, 2020
Тауды көлбей орналасқан Текелі қаласының табиғаты көздің жауын алады. «Екінші Швейцария» атанып кеткен шағын шаһардың шырайы күз келсе де қонақтарды таңғалдыруда. Биылғы маусым өңір-өңірден келген туристермен ерекшеленді. Оған дәлел – сыр елінен велосипедпен келген атыраулық саяхатшы Ақмарал Мәжитова.