
Экономика • 04 Маусым, 2020
Отандық өнім 72 елге экспортталды
Былтыр өсімдік шаруашылығын субсидиялауға 9,5 млрд теңге бөлінсе де, өнім көлемі көңіл көншітпеді. Элита тұқымдардың үлесі артқанымен нәтиже ойдағыдай емес. Дегенмен, ырысын төрт түліктен іздеген қазақтың мал шаруашылығына келгенде тасы өрге домалай бастаған сыңайлы. Бұрнағы жылдармен салыстырғанда өнімі де тәуір. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың есеп беру жиынында айтылды.
Қоғам • 03 Маусым, 2020
Қалталылар қауіпті індеттен қалай қорғанады?
Ауру адам талғамайтынына тағы бір мәрте көзіміз жетті. Коронавирус бай мен кедейді бірдей әлекке салуда. Осы күнге дейін қаржысына сенген қалталылар пандемия алдында қауқарсыз. Шетел асып шипа іздейтіндер ауылға қарай ауа көшті. Індеттің оты тұтанған қалалардан қашқан халықтың санында шек болған жоқ. Блок-бекеттерден өткен қымбат көліктерге қарап-ақ, ақшаның ажалға араша болмайтынын түйсіндік. Әйтсе де атқамінерлер бұған да амал тапқан көрінеді.
Руханият • 02 Маусым, 2020
Көктем бойы бетперде кигеннен кейін бе, құлағым аздап қалқия бастаған сыңайлы. Жоқ, әлде бұрыннан осындай ма еді. Айнаға қараған сайын ойын үрей билеген бөтен біреуді көргендей боламын. Баяғы алқам-салқам қалпымның жұқанасы да жоқ. Кешегі «мен» қайдамын, өзі? Осы сұрақ жиі мазалайтын болып алды. Бұл көктем де бұрынғы көктемге ұқсамады. Әне, терезеден жаз сығалап тұр. Мамық жауған маусым. Оның да бойында қорқыныш бар секілді.
Экономика • 28 Мамыр, 2020
Мұнай өндірісіндегі жоспардың жолы болмай тұр
Былтыр елімізде 90,5 млн тонна мұнай өндірілді. Биылғы меже 90 млн тонна болатын. Алайда «қара алтын» бағасының құбылғаны мен әлемдік экономикадағы тұрақсыздық жоспарды 4,5 пайызға қысқартуға мәжбүр етті. Бұл туралы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев есеп беру жиынында айтты.
Экология • 28 Мамыр, 2020
Тыңайтқыш топырақты құнарландыра ма?
Шағын алқаптан мол өнім алу – кез келгеннің арманы. Бұрындары 1 гектар жерден 300 центнер қант қызылшасын жинайтын шаруа бүгінде бұл межені 600-700 центнерге оп-оңай жеткізіп тастады. Алдағы уақытта бір тоннадан асыру жоспарда бар.
Экономика • 27 Мамыр, 2020
Мыңнан астам жұмыс орны ашылады
Қостанай автомобиль зауытындағы Chevrolet маркасының жаңа үлгілерін құрастыратын Қазақстан-Өзбекстан бірлескен желісінде жыл соңына дейін 1 мыңнан астам жоғары өнімді жұмыс орны ашылады. Қызметтер мен өндіріс секторлары арасында жұмыс күшінің ағылуы, ұлғайып келе жатқан жоба ерекше маңызға ие болмақ.
Экономика • 27 Мамыр, 2020
Фермерлердің көңілі әлі де күпті
Еліміздегі шаруалардың басым бөлігі өсімдік шаруашылығымен шұғылданады. Ал жұмысы ауыр, өсімі баяу мал шаруашылығымен айналысатындардың қатары сиреген. Басты мәселе – баяғы мемлекеттен тиер көмектің тиесілі жеріне жетпеуі.
Қоғам • 25 Мамыр, 2020
«Сергек» полицияның жұмысын жеңілдетті
Пандемиямен күреске IT-технологиялардың қосып жатқан үлесі көл-көсір. Бірі білер, бірі білмес, коронавирус дертінің алдын алу үшін сырқат белгілері бар науқасты анықтайтын апараттық-бағдарламалық жүйе әзірленген болатын. Қуанарлығы сол, бұл өнімді отандық мамандар ойлап тапты. Тіпті жаңа қосымшалар көрші мемлекеттердің қызығушылығын тудырды. Осылайша IT-саласындағы білікті мамандар өз өнімімізді тұтынудың үлкен үлгісін көрсетті.
Қоғам • 21 Мамыр, 2020
Қазақстан трансшекаралық өзендер мәселесінде қиындық көруде
Трансшекаралық өзен-сулардың тағдыры бүтін бір мемлекеттердің жанайқайына айнала бастады. Сардоба оқиғасы содан хабар беретіндей. Тіпті, суға талас мәселесі көрші елдердің қыр көрсететін «көзіріне» айналып бара жатқандай. Оның зардабын Азия мен Еуропаның тоғысында орналасқан Қазақстан тартып отыр. Ортақ байлықтан өз үлесімізді талап етіп белдесе түссек, беліміз бүгілмес еді, әйтсе де әлдебір себептермен тізгін тартуға мәжбүрміз. Әзірге Қазақстанның көрші елдермен арасында су мәселесінде бөлінбеген еншісі көп.
Қоғам • 19 Мамыр, 2020
Топ-менеджерлер жалақысын қысқартты
Бұған дейін дағдарыстың алдын алу үшін «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы қызметкерлерінің санын қысқартатынын айтқан болатын. Енді оған қоса сыйақы мен бонусты тоқтатып, қызметтік көліктен бас тартпақ. Бұл туралы компанияның Адами ресурстарды басқару жөніндегі басқарушы директоры Дәулетжан Хасанов хабарлады.